|    |  
20 ақпан 2020
21:47
қаз
Асхат Садырбай екінші әйелімен ажырасқанын растады
07 ақпан 2020, 11:01 336
Кеше АСхат Садырбайдың екінші әйелімен ажырасып кеткені туралы ақпарат ғаламторды шарлап кеткен болатын. Осы орайда журналистің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында пост жариялап, ақпаратты растаған.



«Шындық шапанын киіп жатқанда, өтірік елді аралап үлгереді деген рас екен.

Көпшіліктен келіп жатқан сан түрлі комментарий мен сұраққа осы пост арқылы жауап берейін. Мақсат осылайша ақталу емес, жауап беруге мәжбүрлеп отырғандықтарыңыздан жазамын. Себебі заң бойынша біреудің жеке басына қол сұғуға, жеке өмірін талқылауға ешкімнің де құқығы жоқ. Көпшілік тарапынан қойылып жатқан сұрақтарға осы пост арқылы қысқа жауап берейін. Ақталу немесе сылтау емес. Заңды некеміздің шытынағаны рас. Өмірде бәрі біз ойлағандай бола бермейді. Әрекет адамнан, берекет Алладан. Ниетім де, ойым да түзу еді. Бірақ, екі адамнан құралатын одақта ниет те, ой да бір болмаса іс оңбайды, тірлік өнбейді екен. Оның үстіне әр ісіңе араласып, жеке өміріңе, отбасыңа үстемдік орнатқысы келетіндер, әр ісіңнен кемшілік іздеп, өтірікті шындай, шынды Құдай ұрғандай ғып шулатқыштар дегендеріне жетпей қоймады.

Елдің алдында азды-көпті іс атқарып, қайғылы сәттерде де, қуанышты күндерде де елмен бірге жүрген азамат болғандықтан елден ешуақытта ешнәрсені жасырған емеспін, жасырмаймын да. Бұл жолы да жасыру мүмкін емес. Себебі кейбір жандарға адами қарым-қатынас пен сыйластықтан гөрі басқа нәрселер қажеттірек болып тұр.

Кез-келген отбасыда келіспеушіліктер, өкпе-реніш болады. Оның барлығы екеуара шешіледі, болмаған жағдайда заң аясында, азаматтық тәртіпте қаралады. Кейбір ақпарат құралдары мәселенің мән-жайын, істің ақ-қарасын ажыратып алмай жатып дәйексіз әңгімені елге жариялап жіберген екен, жалған ақпарат берген адамдарды да, менің және баламның суретін рұқсатсыз жариялаған ақпарат құралдарын да сотқа беруге мәжбүрмін. Біріншіден бұл жалған ақпарат, екіншіден мені өз баласын қорлап жатыр деп жала жабу-ақылға сыймайды. Үшіншіден, бұл менің тал түсте тапталып жатқан азаматтық құқығым, төртіншіден менің атыма, іскерлік беделіме нұқсан келтірілуде. Әр сөзге дәлел болуы керек. Дәлелсіз, дәйексіз ойдан құрастырылған қиялға ешкім сенбейді.Соттың шешімі шықпай тұрып, тіпті сот болмай жатып байбалам салу-жаңбыр жаумай су болу сияқты. Ешкім баланы анасынан немесе әкесінен айырғалы жатқан жоқ. Бала мәселесі бойынша сотқа арыз берілді. Барлығы өз ретімен, тәртібімен қаралуда. Соттың шешімін күту керек.

Біз жұбайымызбен жәй ғана екіге айырылып кете алмадық. Себебі, баламның құқығына қарсы іс-әрекеттер орын алды, денсаулығына, жүйке-жүйесіне зиян тигізген бірнеше сәттер болды. Сол себепті мен оның барлығын дәлелдеп, ақты аққа, қараны қараға шығармақ ниеттемін. Менде барлық дәлелдер бар, жеткілікті. Бар ойым баламның болашағына балта шабудан сақтау. Әкесі ретінде оның тәрбиесі мен денсаулығына, болашағына жауапты екенімді ұмытпағайсыздар. Бұл ретте мен немқұрайлық немесе салғырттық таныта алмаймын. Баланың құқығы, баланың денсаулығы, жақсы өмірі үшін шырылдап жатқаным-баламды қорлау емес қорғау деп білерсіздер. Қандай жағдай болмасын баланың кінәсі жоқ. Алайда баланы қару немесе қолшоқпар ғып қолдану дұрыс емес.

Мен ешкімге жала жаппаймын, жапқым келмейді де. Өзгелерге де нақты дәлелмен сөйлеуге кеңес беремін. Алла қаласа, бәрі жақсы болады»-деп жазған журналист.


 

Шындық шапанын киіп жатқанда, өтірік елді аралап үлгереді деген рас екен. Көпшіліктен келіп жатқан сан түрлі комментарий мен сұраққа осы пост арқылы жауап берейін. Мақсат осылайша ақталу емес, жауап беруге мәжбүрлеп отырғандықтарыңыздан жазамын. Себебі заң бойынша біреудің жеке басына қол сұғуға, жеке өмірін талқылауға ешкімнің де құқығы жоқ. Көпшілік тарапынан қойылып жатқан сұрақтарға осы пост арқылы қысқа жауап берейін. Ақталу немесе сылтау емес. Заңды некеміздің шытынағаны рас. Өмірде бәрі біз ойлағандай бола бермейді. Әрекет адамнан, берекет Алладан. Ниетім де, ойым да түзу еді. Бірақ, екі адамнан құралатын одақта ниет те, ой да бір болмаса іс оңбайды, тірлік өнбейді екен. Оның үстіне әр ісіңе араласып, жеке өміріңе, отбасыңа үстемдік орнатқысы келетіндер, әр ісіңнен кемшілік іздеп, өтірікті шындай, шынды Құдай ұрғандай ғып шулатқыштар дегендеріне жетпей қоймады. Елдің алдында азды-көпті іс атқарып, қайғылы сәттерде де, қуанышты күндерде де елмен бірге жүрген азамат болғандықтан елден ешуақытта ешнәрсені жасырған емеспін, жасырмаймын да. Бұл жолы да жасыру мүмкін емес. Себебі кейбір жандарға адами қарым-қатынас пен сыйластықтан гөрі басқа нәрселер қажеттірек болып тұр. Кез-келген отбасыда келіспеушіліктер, өкпе-реніш болады. Оның барлығы екеуара шешіледі, болмаған жағдайда заң аясында, азаматтық тәртіпте қаралады. Кейбір ақпарат құралдары мәселенің мән-жайын, істің ақ-қарасын ажыратып алмай жатып дәйексіз әңгімені елге жариялап жіберген екен, жалған ақпарат берген адамдарды да, менің және баламның суретін рұқсатсыз жариялаған ақпарат құралдарын да сотқа беруге мәжбүрмін. Біріншіден бұл жалған ақпарат, екіншіден мені өз баласын қорлап жатыр деп жала жабу-ақылға сыймайды. Үшіншіден, бұл менің тал түсте тапталып жатқан азаматтық құқығым, төртіншіден менің атыма, іскерлік беделіме нұқсан келтірілуде. Әр сөзге дәлел болуы керек. Дәлелсіз, дәйексіз ойдан құрастырылған қиялға ешкім сенбейді.Соттың шешімі шықпай тұрып, тіпті сот болмай жатып байбалам салу-жаңбыр жаумай су болу сияқты. Ешкім баланы анасынан немесе әкесінен айырғалы жатқан жоқ. Бала мәселесі бойынша сотқа арыз берілді. Барлығы өз ретімен, тәртібімен қаралуда. Соттың шешімін күту керек.

Публикация от Askhat SADYRBAY (@askhatsadyrbay)

Біз жұбайымызбен жәй ғана екіге айырылып кете алмадық. Себебі, баламның құқығына қарсы іс-әрекеттер орын алды, денсаулығына, жүйке-жүйесіне зиян тигізген бірнеше сәттер болды. Сол себепті мен оның барлығын дәлелдеп, ақты аққа, қараны қараға шығармақ ниеттемін. Менде барлық дәлелдер бар, жеткілікті. Бар ойым баламның болашағына балта шабудан сақтау. Әкесі ретінде оның тәрбиесі мен денсаулығына, болашағына жауапты екенімді ұмытпағайсыздар. Бұл ретте мен немқұрайлық немесе салғырттық таныта алмаймын. Баланың құқығы, баланың денсаулығы, жақсы өмірі үшін шырылдап жатқаным-баламды қорлау емес қорғау деп білерсіздер. Қандай жағдай болмасын баланың кінәсі жоқ. Алайда баланы қару немесе қолшоқпар ғып қолдану дұрыс емес. Мен ешкімге жала жаппаймын, жапқым келмейді де. Өзгелерге де нақты дәлелмен сөйлеуге кеңес беремін. Алла қаласа, бәрі жақсы болады.????????

Публикация от Askhat SADYRBAY (@askhatsadyrbay)


Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар