22 Ноябрь
17:05
Астана: -2 °C
Алматы: 6 °C
USD/KZT: 330.29
EUR/KZT: 387.27
RUB/KZT: 5.56
CNY/KZT: 49.80
Мәдениет
17 қазан 10:57
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Асхат Садырбай мен Қайнар Алагөзов желіде «жаға жыртысып» жатыр
Танымал тележурналист Асхат Садырбай мен Қайнар Алагөзов желіде  бір-бірін жерден алып, жерге салуда. Сөз ыңғайына қарасақ, бір-біріне деген қыжыл бұрыннан бар сияқты.

 
 
Бар гәп «Түнгі студия» бағдарламасынан шыққанға ұқсайды. Бағдарламаның кешегі шығарылымында Асхат Садырбай қонақ ретінде қатысып, Төреғали Төреәлі туралы сөз болған.
 
Ал әнші Әйкерім Қалаубаева оқырмандарды осы бағдарламаны көруге шақырған.
 
«Бүгін 23:50-де Ұлттық арнадан Асхат Садырбай досымның қатысуымен «Түнгі студияны» көрейік. Қызық болатын сияқты»-деп жазған Әйкерім.
 
Оны Төреғали Төреәлі: «Айкөш, подружкаңды жарнамалап отырсың ба?»-деп қағытыпты.
 
Осыдан кейін Асхат Садырбайға Қайнар Алагөзов «шабуыл» жасап, Төреғали досын қорғап шыққан.
 
«Ей, Асхат! Төреш туралы әңгіме саған қалмаған шығар. Аузыңа сиятын әңгіме айт! Сенің кім екеніңді халық біледі ғой. Мен айтпай-ақ қояйын!»-деген.
 
Қайнардың осы сөзі ауыр тисе керек, Асхат скриншот түсіріп алып, жауап қайырыпты.
 
«Осыларды да өнердің өкілдері, мәдениетті насиxаттаушы, өнерпаз дейді-ау?! Пір тұтатын өнерпаздарымыздың әңгімелері осы болса жетіскен екенбіз! Ұят. Бұл олардың тараптарынан бықсып жатқан бірінші әңгіме емес. Сендер қолдарыңды инстаграмға ала шаппас бұрын алдымен бағдарламаны көрулерің керек еді. Өкінішті. Қайнар, иә, менің қандай екенімді xалық біледі. Халық сені де, сенің қорғаштап отырған әншіңді де жақсы біледі. Ал, мен журналистпін, сендер жайлы өзгелерден көбірек білемін. Бірақ жарияға жар салып ғайбаттау менің тәрбиемде жоқ. Ашуыма тимеңдер. Мен сені танымаймын, сырттан тып-тыныш сыйласып жүре берейік. Қазақпын деп көкірек қағып показуxа жасамай, ҚАЗАҚ деген атқа лайық болайық. Мынау тірліктерің ұят! Аттарыңа да, заттарыңа да сын! Мен сендермен айтысқым келмейді. Мен бейбітшілік және тұрақтылық үшін! Әңгіме осымен бітсін!»-деп шорт кескен.
 
Әзірге журналистің бұл жазбасына Төреғали да, Қайнар да қарымта жауап жазбаған.





 
Дереккөз: Reactor
 
 
 
нравится:    2189
Теги: Жұлдыздар әлемі, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии