18 Август
14:39
Астана: 20 °C
Алматы: 23 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
21 қараша 15:37
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Асхат Садырбай өзін жазғырғандарға жауап берді


Танымал тележурналист Асхат Садырбайдың жеке өмірінде орын алған оқиғалар көптеген алып-қашпа әңгімеге арқау болған-ды. Елдің өсек-аяңы әлі күнге қыр соңынан қалар емес. Тележүргізуші төңірегіндегі дау-дамай мен өсек-аяң оның танымал әнші Ерке Есмаханмен ажырасуынан басталған болатын. Бір бірін ұнатып, көңіл қосып, шаңырақ көтерген журналист пен әншінің бақыттары баянды болмай, бір шаңырақ астында ұзақ тұра алмаған-ды. Ажырасқаннан кейін, алып-қашпа әңгіме желдей есіп, Ерке Есмахан Асхатты айыптап шыққан еді.


                                Асхат пен Еркенің шаңырақ көтерген күні түскен суреті

Десе де, бұрынғы жұбайының айыбын я растамай, я жоққа шығармай, жауапсыз қалдырған Асхат былтыр екінші рет отау құрды. Қазір Еркеден Мүсілім, ал екінші келіншегінен Зейін есімді ұлдары бар.


                                            Былтыр үйленген екінші жұбайымен

Ал осыдан жарты жыл бұрын, жұмыс бабымен Алматыдан Бішкекке бара жатқан жолда апатқа ұшырап, ауыр жатақаттанған болатын. Тележүргізуші мінген такси Қордайға жете берген жолда дөңгелегі жарылып кетіп, 70 метр жерге ұшып кеткен. Көлік жүргізушісі қаза тауып, бас сүйегіне зақым келген Асхат бірнеше ай емделген еді. Сол кезде де оны «тиісті жазасын алды» деп жазғырғандар аз болмаған. Осы қаңқу сөздерге Асхаттың өзі жауап беруді жөн көріпті.





Өзінің instagram-дағы парақшасында: «Бүгін тура 6 ай болды. Осыдан 6 ай бұрын таксиде кетіп бара жатып жол апатына ұшыраған едім. Алла сақтап аман қалдық, жанашыр жандардың, осындағы елдің дұғасының арқасында ем қонып, қазір шүкір, алғашында екі таяқпен, сосын бір таяқпен, қазір Құдай берген аяқпен жәй-жәй жүрудемін. Қарап отырсам жарты жыл уақыт өте шығыпты. Біреуге көп, біреуге аз, мен үшін бұл уақыт босқа кеткен жоқ. Күйзеліске де түспедім, сабырлық таныттым, күрестім, бір белеске шықтым. Қайбір күні бір таныс "Бог тебя наказал" деп жазып жіберіпті. Жауап қайтармадым. Себебі түсінігі сонша таяз адамға оны ұғындыру үшін бір смс аз болады, бір күн жеткіліксіз. Жылдар керек... Айтқан жерден бәле аулақ, егер сол адамның ағасы немесе інісі осындай жағдайға душар болса оларға да осылай айтар ма екен? Жоқ, ол кезде басқаша сайрайды. Көрдіңіздер ме, өзіміз сондай әділетсізбіз, бірақ әділеттілік жоқ деп аx ұрамыз. Әділеттілікті әркім өзінен бастау керек. Ал, бұл жол апатын мен жаза деп қабылдамаймын. Жаратушы бізге өлшеп ғұмыр берді, тағдырымызға түрлі сынақтар жазды. Әркімде әрқалай. Мен бұны сол сынақтардың бірі деп есептеймін. Әлемде қаншама жағдайлар болып жатыр, ауруxаналардағы бейкүнә сәбилер бар, сырқаттанып жатқан жандар өте көп. Олардың бәрін "Бог не наказал". Олар да уақытша сынақтан өтуде. Мен ол жандарға сабырлық, төзім, күш-жігер, шипа тілеймін. Мақсат қойыңыздар, күресіңіздер, жақсылыққа сеніңіздер, әр нәрсенің қайыры бар. Алла бізді жазалайды ма әлде мейіріміне бөлейді ме, оны өзі біледі, біз білмейміз, уақыт көрсетеді. Ванга болмай-ақ қояйықшы. Біздің міндетіміз адамдықтан аттамау, өзгелерді даттамау. Дүниеге адам боп келу, адам боп өлу. Баршаңызға амандық тілеймін»-деп жазған.
 
нравится:    1125
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии