|    |  
16 қазан 2019
17:18
қаз
Ашуды басқаруға қабілеті жеткіліксіз 4 қызу қанды жұлдызнама белгісі
17 тамыз 2018, 14:53 57
Бәріміз де өмірде белгілі бір жағдайларда ашуға ерік беріп жатамыз – мұнсыз болмайтыны да анық. Әрдайым біздің көңілімізден шықпайтын, бізді ренжітетін жағдайлар орын алып жатады. Кейбір жұлдызнама белгілері қандай жағдайлар болмасын, өзін-өзі ұстап, ашуланбайды. Алайда ашуланып, өзіне ие болуы мүмкін болмайтын жұлдызнама белгілері де жоқ емес.



Тоқты

Тоқты ашуланғанда, одан аулақ жүріңіз, ол өз-өзіне ие болуға жоқ жұлдызнама белгісі. Ол от белгісіне тиесілі болғаннан кейін де ашуланған кезде оның ішін атқылауы мүмкін жалын шарпып жатады. Жағдай тікелей сізбен байланысты болмаған күннің өзінде шамасы жеткен адамға зәрін шашуы мүмкін. Ол әрдайым қызба, сондықтан кез келген нәрсеге ашу шақыруы ықтимал.

Арыстан

Арыстан да қызба қанды жұлдызнама белгілердің бірі. Оның бойында көңіл мен сезім үнемі өртеніп тұрады, сол себепті жалын шарпып кетуі әбден мүмкін. Ол бәрін өз қолында ұстауға тырысады, алайда сәтсіз болған бір қадам оның ашуының қандай деңгейде екендігін көрсетіп береді. Оның ең ашу шақыратын дүниесі, оны елемеу. Егер сіз арыстанды мақтамай, сынға жол берсеңіз, боран тұрады, күтіңіз.

Сарышаян

Сарышаянның мінезі тым жабайы, егер сіз оның ашуымен тұспа-тұс келсеңіз, жер шарының келесі бетінен бір шығуыңыз да ғажап емес. Бұл жұлдызнама белгісі өздігінен бірбеткей және тік мінезді, ал ашу үстінде одан да бетер. Ол тым қатал болуы да мүмкін: дене күшін пайдаланбаса да, ащы, зәрлі сөзімен өлтіруі мүмкін. Сонымен қатар бұл белгі өте жұмбақ, сондықтан оның ішінен қалай қайнайтынын ажыратудың өзі қиын. Оны күркіреген күнмен салыстыруға болады: аспан алдымен қараяды, боран алдында сәл саябырсиды, алайда сіз қай кезде найзағай ойнап, қай кезде жаңбырдың құятынын білмей дал боласыз.

Тауешкі

Ту сыртынан қарағанда тауешкі үнемі жаман көңіл күйде жүретін секілді көрінеді. Алайда оның шынымен де көңіл күйі жабырқау ма, әлде жүрісі солай ма ұғыну өте қиын. Оған кеңес беруден, бірдеңе сұраудан аулақ болыңыз. Оның сырт келбетінің өзі нашар көрінеді. Ол тек қана ашуланып қоймай, оны сырт келбетіне де сездіріп, байқатып тұрады. Бұл белгі сізге қызарғанша айқайлауы, болмаса болмашы нәрсеге ұрыс-керіс шығаруы әбден мүмкін.


Дереккөз: flytothesky.ru


Жаңалықтар