|    |  
12 желтоқсан 2018
12:25
қаз
Ашуды билеудің жолы
21 қараша, 09:20 61


Көптеген адам ашуын дер кезінде билей алмағандықтан, жақындарын ренжітіп алады. Ашушаңдық қоғаммен қарым-қатынасыңызға зиянын тигізуі мүмкін. Сол себепті оны билеудің жолдарын жадыңызда сақтаңыз. 

1. Егер біреу сізді ызаландырса, ашу бойыңызды билеп алмайынша бөлмеден шығып кетіңіз. Эмоцияны билеу кез келгеннің қолынан келеді, сондықтан «ашуға берілдім» деген сөз бос сылтау. Ауыр сөздерді айтып тастамау үшін жүйкеңізді тоздыратын адамнан алыс кетіңіз. 

2. Жағдайға басқа жағынан қарауға тырысыңыз. Неге ашу, ыза сіздің әрекетіңізді, сөздеріңізді билейді? Негізінде, эмоция адамды емес, адам эмоциясын билей білуі керек. Осыны түсіне біліңіз. 

3. Реніш білдіруден бұрын ішіңізден онға дейін санап алыңыз. Бұл уақыт өзіңізді қолға алып, сабаға түсу үшін әбден жеткілікті. 

4. Ашу бойыңызды кернеп бара жатса, терең дем алыңыз. Содан соң «мен не үшін ашуландым?» деп сұраңыз. Қандай жағдай болмасын, бәрі орнына келетінін ұмытпаңыз. Сізді ашуландырғысы келген адамның мақсатын орындағыңыз келе ме? Сіздің ашуыңыз өзгелерді риза етеді. Сондықтан дұшпаныңызды қуантудың орнына, эмоцияны билей біліңіз. 

5. Егер бір жағдай сізді ашуландырып, біраз күн бойы ойыңыздан кетпей жүрсе, жұрттың мазасын алып, өш алмаңыз. Оның орнына велосипедпен серуенге шығыңыз. Немесе жүгіріп, билеп алыңыз. Белсенді спортпен шұғылданатын болсаңыз, ашу өздігінен тарап, бойыңызды босатады. 

Кез келген жағдайдың шешімі бар. Осыны естен шығармаңы


Жаңалықтар