13 Декабрь
01:54
Астана: -26 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Әлем жаңалықтары
16 маусым 09:28
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ашығу семіру қаупін арттырады
Огайо университетінің (АҚШ) профессоры Марта Белури арықтау үшін тамақтанбау - артық салмақтан арылудың ең жақсы әдісі емес екенін орнатты. Керісінше, осындай әдіс артық салмақтың пайда болуына әкеліп, семіру қаупін және 2-ші типті сусамыр мен жүрек-қантамыр ауруларының қаупін арттыра түседі. Адамның миы ашығу кезеңдерін май жинау белгісі ретінде қабылдайды, деп жазады Kedem порталы.



Метаболизм баяулап, бауыр жасушалары қантты ыдыратуға қажетті инсулин гормонының әсері тоқтайды, келесі тамақтанғанда азықтың құрамындағы қант бірте-бірте майға өзгереді. Май болса, дене мүсінін өзгертіп қана қоймай, көптеген органдардың жұмысына кері әсерін тигізеді.

Тышқандарға жасаған зерттеулер күніне бір рет калориясы төмен тамақ ішкен кезде жануарлар басында салмақ тастағанын, бірақ бірнеше рет тамақтанғаннан кейін одан да көп салмақ жинағанын көрсетті. Бұдан басқа, олардың бойында сусамыр қаупін арттыратын ең қауіпті майлар жиналды.

Ғалымдар қандай жағдай болмасын, күніне бірнеше рет аз порциямен тамақтануды кеңес етеді. 
нравится:    882
Теги: Денсаулық,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии