Мәдениет
25 қыркүйек 13:59
Асқар Бисембин тағы да кино түсірмек
"Свадьба на троих", "Адель" фильмдерінің сценристі әрі режиссері - Асқар Бисембин кезекті жұмысты қолға алды.



"Адамның аянышты сезімін ояту бәрінің қолынан келеді. Ал күйбең тіршілігі бітпейтін жұртты күлдіру өте қиын",-дейді автор.

Сол айтпақшы, Асқар кезекті сценариін сәтті аяқтапты. Ол ең алдымен бұл жеңіспен өзін құттықтады. Енді түсірілім алаңында параққа түскен ойды жүзеге асырады. Асқар алғаш үш кісіге бір той жасап, ұтымды ойымен көп кісіні күлдіргенде өзінің жақсы маман екенін дәлелдеді.

Әдетте арбаның алдыңғы дөңгелегі қалай бағыт алса, кейінгілері солай жылжиды. Бұдан бөлек, Асқар отандық телеарнаның бірінде көрсетілетін ситком жайлы айтып қалды. Бірақ, етікші етікке жарымайды,-дегендей, идеяға бай сценарист екі ғашық жайлы телехикаяға қандай ат қоярын білмей отыр. Инстадағы оқырмандарын көмекке шақырды. Ситкомға үздік атау ұсынған оқырманына жақсы сыйлық уәде етті. 

Дереккөзі: gakku.kz

Комментарии

  • Борибекова Камшат2015-11-04 18:55:41
    салеметсизбе Асқар Бисемби мен сиздин кинонызга туским келеди колымнан бари келеди бирак кинога туспегем камера алдында озимди жаксы устай билем маган мумкиндик берсениз



Яндекс.Метрика