17 Декабрь
21:47
Астана: -19 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Мәдениет
1 наурыз 15:39
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Асқар Бисембиннің "Замуж в 30" ромкомының трейлері шықты



Асқар Бисембиннің "Замуж в 30" ("30 жаста ұзатылу") деген комедиясының алғашқы трейлері пайда болды.

Сюжетте жасы 29 жасқа келсе де, әлі күйеуге шыға алмай жүрген қыз туралы баяндалады. Жалғыздықтан сарғайып, енді ешкімге керек емеспін деп шешкен Анель өмірмен қош айтыспақ болады. Дәл осы сәтте тағдыр оған тосынсый жасайды - ол Дастан есімді жігітті кездестіреді. Соңғы мүмкіндігінен айырылып қалмау үшін барлығына да дайын.

Фильмде басты рөлдерді Әсел Сәдуақасова, Санжар Мәдиев, Құмар Лұқманов, Талғат Кенжеболатов (Кентал), Берік Айтжанов, Дәстен Шәкіров сомдайды.

Картинаның өндірісімен Әсел Сәдуақасованың "Sunny production" компаниясы айналысқан. Айта кетейік, бұл Әсел мен Асқар Бисембиннің алғашқы әріптестігі емес. Осыған дейін олар "Адель" мелодрамасын шығарған болатын.

Дереккөзі: kinostan.kz
нравится:    890
Теги: Кино және ТВ,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии