16 Август
18:55
Астана: 23 °C
Алматы: 27 °C
USD/KZT: 332.91
EUR/KZT: 391.17
RUB/KZT: 5.55
CNY/KZT: 49.84
Мәдениет
18 қыркүйек 11:31
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Асқар Бисембиннің жаңа “Адель” фильмінің трейлері шықты (видео)
Интернет желісінде режиссер Асқар Бисембиннің  “Адель”  фильмінің жаңа трейлері жарияланды. Аталған фильмнің басты  рөлдерінде  белгілі актер, әнші Әсел Сәдуақасова мен Берік Айтжанов ойнайды.



Фильмде Әсел Сәдуақасова рөлін сомдайтын бас кейіпкер – композитормен көршілес тұратын ару. Сюжетке сәйкес, өз музасын жоғалтқан композитор (Айтжанов) көрші бойжеткенді көріп, шығармашылығына жаңа шабыт алады.



«Міне,  менің дебютым болып есептелетін толық метражды  фильмнің түсірілімінің бірінші күні басталды. Мен бұл туындыда продюсер ретінде жұмыс жасайтын боламын. Шындығын айту керек, жарты жыл бойы бұл атаулы оқиғаны құпия ұстау мен үшін күрделі болды. Достар, маған сәттілік тілеңдер! Менің қасымда білікті  қоюшы режиссер Асқар Бисембин бар»,- деп жазба қалдырды әнші өзінің Инстаграмдағы парақшасында.



Көпшілік көңілінен "Свадьба на троих" фильмі арқылы жол тапқан режиссер және сценарист Асқар Бисембин New York film academy түлегі. Ол өзінің туындыларында голливудтық стандарттарды көбірек қолданады және ол сценарий синопсисін ағылшын тілінде жазады екен.



Фильм саундтрегін жазуға танымал әншілер Қайрат Нұртас және Дильназ Ахмадиева қатысқан.
Аталған “Адель” филімі  үстіміздегі жылдың 15 қазанында  көрермендерге жол тартпақ.



Авторы: Аделя
нравится:    881
Теги: Кино және ТВ,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии