17 Август
23:33
Астана: 20 °C
Алматы: 18 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
22 қазан 09:30
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Асқазаны темірді де қорытып жіберетін құс анықталды
Оңтүстік Корея ғалымдары әлемдегі ас қорыту жүйесі ең күшті тіршілік иесін анықтады. Ол – тазқара болып шықты, деп жазады planet-today.ru.



Тазқара (лат. Aegypius monachus) – өте ірі құс: денесінің ұзындығы 1 м, қос қанатының жалпы ұзындығы 2 м 20 см-дей, түсі қара қоңыр. Екі көзінің айналасы мен мойны жалаңаш. Тазқара көбінесе таулы жерлерде тіршілік етеді, өлексемен қоректенеді. Кейде тірі хайуандарға да шабуыл жасайды, малдың алдымен етін, одан кейін ішек-қарнын жеп, ең соңында сүйектерін бітеу жұтады. Тасбақаны да екі аяғымен ұстап тұрып, тұмсығымен үңгіп жейді. Бір жұмыртқа табады.

Мамандардың айтуынша, бұл құстың асқазаны ірі-ірі сүйектерді оңай қорытып жібереді. Ол ол ма, тіпті асқазанына түскен металдар да қорытылып кетеді екен.

Бұған қоса тазқараның иммундық жүйесі де өте күшті болып шықты. Ол оба ауруы жұққан, құтырған және басқа да өте қауіпті жұқпалы ауруларға шалдыққан жыртқыштардың етімен қоректене береді екен.

Зерттеу жобасының авторларының бірі – генетик Чон Пактың айтуынша, оның асқазанынның мұнша қуатты болуына асқазан сөлінің қышқылдылығы өте жоғары деңгейде болуы басты себеп.

Дереккөзі: ҚазАқпарат
нравится:    1642
Теги: Главная, Жануарлар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии