20 Октябрь
18:38
Астана: 8 °C
Алматы: 14 °C
USD/KZT: 334.11
EUR/KZT: 394.65
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.46
Әлем жаңалықтары
5 қазан 15:29
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Әскери азамат сақтандыру қорынан ақша алу үшін әйелін екі рет өлтірмек болған



36 жастағы сержант Эмиль Сильер бас-аяғы 10 күн ішінде өз әйелін екі рет өлтірмек болған. Әуелгі себеп оның ашынасында, кейінгісі қарыз ақшасында болып шықты.

Алдымен Эмиль өз жарын өлтіру үшін оның парашютын бүлдіріп тастаған. Бұдан соң Викторияның тірі қалуы мүмкін емес еді. Алайда, бол жолы оқиға ауыр жарақаттармен ғана шектелген. Жергілікті полицияның назары осы кезден бастап Эмильге түсе бастаған.

Араға он күн салып, Виктория екінші мәрте өлім аузынан қалады. Бұл жолы үй ішін газдың иісі алып кеткен. Арнайы зерттеу нәтижесі бойынша газ құбырын біреу әдейі сындырғаны анықталған.



Қазіргі таңда Эмиль екі қылмысқа да өзінің қатысы бар екенін жасырып отыр. Егер Виктория өлген жағдайда, Эмиль 120 мың фунт сомаға ие болатын еді. Оның бұл күнде 20 мың фунт қарызы бар болып шықты. Тергеу жұмысы жүргізіліп жатыр.
 

Дереккөзі: Лайф.ру 

 
нравится:    180
Теги: Главная, Қылмыс,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии