18 Декабрь
22:42
Астана: -20 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
25 сәуір 13:41
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Астана әкімдігіндегі алаяқтық жұрттың жағасын ұстатты



Астана әкімдігіндегі алаяқтық жұрттың жағасын ұстатты. Елордада жалғызбасты қариялар мен мүгедектердің пәтерін сатумен айналысқан шенеуніктер сотталды. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.
Әлеуметік көмек көрсету бөлімінің басшысы Айгүл Майқошова жанашыры жоқ қарттарды бағып-қағудың орнына баспаналарын сатып жіберген. Құлқыны кең атқамінер арам ойын 3 сыбайласымен бірлесіп жүзеге асырған. Жазаны естігенде, күдіктілердің кейбірі тура сот залында талып қалды.
Басты күдікті Айгүл Майқошова. Ол Алматы ауданы әкімдігінде қараусыз қалған қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету бөлімін басқарғанда, қасында отырған Нұрбақыт Жақыповамен бірігіп, қайтыс болған астаналық зейнеткердің баспанасын сатып жіберген. Қос келіншек кепілдікке ақша қойып, сотқа үйлерінен келіп жүр. Ал, абақтыдан жеткізілген екеу әкімдік қызметкерлерінің айтқандарын бұлжытпай орындаған. Осы төртеуіне қатысты жылға жуық тергелген қылмыстық іске бүгін сот нүкте қойды.
"Сот Айгүл Майқошова, Нұрбақыт Жақыпова және Ерлік Сәдуақасовты «Алаяқтық» бабы бойынша кәнәлі деп таныды. Әрқайсысы 5 жыл бас бостандығынан айырылсын. Және бар мүлкі мемлекет есебіне тәркіленсін. Жазасын жалпы тәртіптегі абақтыда өтесін", - деді судья Убайдолла Қошанов.
5 жылын абақтыда өткізетінін естігенде Майқошова сыр бермеді. Ал, оның сыбайласы әрі қарамағында жұмыс істеген Нұрбақыт Жақыпова тура сот залында талып қалып, есін әрең жиды. Қарауылдар да қос келіншекті аяды ма, қолына бірден кісен салған жоқ. Үкім шыққан соң әкімдік қызметкерлеріне жақындарымен сөйлесіп, сот залында кіріп-шығуға мүмкіндік берілді.
Шенеуніктер Астанадағы көпқабатты үйде тұрған жалғызбасты кейуананың пәтерін жалған құжат жасап сатқан. Майқошова зейнеткер қайтқан күні-ақ оның жеке куәлігі мен үйдің құжаттарын алыпты. Сөйтіп, пәтерді бүгін 5 жыл шартты жазамен құтылған Қайрат Қасымовтың атына ауыстырады. Кейін Ерлік Сәдуақасов клиент тауып, баспананы 10 миллион теңгеге сатып жіберген. Алайда, күтпеген жерден марқұм зейнеткерді туыс немересі іздеп келіп, әкімдіктегілердің бар былығын ашқан. "Жетімдер үйінде тәрбиеленген немересіне Майкошова телефон соғады. Яғни, кездесуді өтінеді, үйдің жарты ақшасын берейік дейді. Болмаса, көлік берейік деп келісуге үгіттейді", - деді прокурор Бағлан Қаратаев.
Бірақ зейнеткердің немересі шенеуніктердің бірде-бір ұсынысына келіспей, сотқа шағымданған. Енді марқұмның жақындары даулы пәтерді қайтару үшін бөлек сотқа арыздануы тиіс. Бұл үйді сатып алған адамның да жүйкесі біраз жұқарғалы тұр.
Прокурорлардың айтуынша, 5 жылға сотталған Әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің экс-басшысы бұдан бөлек тағы бір пәтерді сатып жіберген. Бірақ, ол үйді ешкім іздемеген соң, қылымыстық іс жабылып тыныпты. Сондықтан, бүгін судья қарамағындағыларын бетімен жіберген Астанадағы Алматы ауданы әкіміне де ескерту жасады.


Дереккөзі: КТК арнасы
нравится:    1249
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии