19 Август
01:53
Астана: 15 °C
Алматы: 15 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Авто
17 маусым 13:07
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

“Астана-Алматы” автомагистралі 2020 жылға дейін ақылы болмақ
2020 жылға дейін “Астана-Алматы” автомагистралі ақылы жолға айналуы мүмкін. ҚР инвестиция және даму министрлігі автомобиль жолдары комитетінің басшысы Сайранбек Бармақов бұл шараның неліктен қабылданғанын түсіндірді. ​Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

нрепк

“Астана-Алматы” – бірінші категориядағы төрт жолақты жол болады. Ол көлік жүргізушілері үшін өте жайлы болмақ. Қазір Қарағандыға дейін төрт жолақты магистраль салынуда. Осы жылдан бастап Қарағандыдан Алматыға дейінгі құрылысты бастаймыз”, – дейді ҚР инвестиция және даму министрлігі автомобиль жолдары комитетінің басшысы Сайранбек Бармақов.

Сонымен қатар, жақын жылдары “Алматы-Қорғас”, “Астана-Атбасар”, “Шымкент-Тараз” және “Шымкент-Қызылорда” автожолдарына да ақылы қызмет енгізілуі мүмкін. Бұған дейін “Астана-Теміртау”, “Алматы-Талдықорган” және “Алматы-Қорғас” автомагистралдарының құрылысы биылғы жылы аяқталатыны хабарланған еді.

Оның түсіндіруінше, ақы алу жүйесін енгізу автомобиль жолдарына келетін шығынды өтеу қаржысы ретінде енгізіледі.

“Осы жылы жобалау басталады. Жоба дайын болған кезде бірден жүзеге асыратын боламыз”, – деді Бармақов.

Комитет төрағасы орынбасарының мәліметтерінше, 2020 жылға дейін Қазақстанда ұзындығы 7 мың шақырым автомобиль жолын ақылы негізге көшіру жоспарланып отыр.

“Ақылы жолдарды (2020 жылға дейін) “Батыс Еуропа — Батыс Қытай” халықаралық дәлізінде, “Астана-Алматы”, “Астана-Павлодар-Өскемен”, “Астана — Петропавл — РФ шекарасы” учаскелерінде енгізу жоспарлануда”, — деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, автомобиль жолдарын пайдаланғаны үшін алынатын ақыны көтеру мәселесі талқыланған емес.

“Жеңіл автомобильдер үшін 1 шақырымға 1 теңге, жүк көліктерінен 1 шақырымға 20 теңге алынады. Баға сол күйінде қалады. Болашақта, жолдар пайдалануға берілгеннен кейін сәйкесінше шешімдер қабылданады”, — деді С.Бармақов.
нравится:    624
Теги: Автожаңалықтар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии