18 Август
11:17
Астана: 21 °C
Алматы: 21 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Спорт
25 қаңтар 10:27
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

"Астана арландары" Әзірбайжан боксшыларын ойсырата жеңді
Қарағандыдағы Серік Сәпиев атындағы бокс орталығында Бүкіләлемдік бокс сериясының алтыншы маусымы салтанатты түрде ашылды.Бұл туралы egemen.kz хабарлады.



Бұл күні шаршы алаңның төрінде қос команда «Астана Арланс» пен «Баку Файерс» шын мықтыны анықтады. Екі команда арасындағы тартысты кездесулер 4:1 есебімен қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің пайдасына шешілді.

«Астана Арландары» клубына алғашқы жеңісті 49 кило салмақтағы Теміртас Жүсіпов әкелді. Ол өзінің қарсыласы Джавид Дадашовтан 3:0 (50:45, 50:45, 50:45) есебімен басым түсті.

Бұдан кейін рингке көтерілген Мейірболат Тоитов 56 кило салмақ дәрежесінде Яраш Магомедовті бетқаратпай жеңді – 3:0 (49:44, 50:43, 49:44).

91 килода болған үшінші – шешуші жекпе-жекте Еркін Мұхамеджан қарсыласы Хадж Муртузалиевті ұпай санымен ұтып, астаналық жартылай кәсіпқой клубқа жалпыкомандалық жеңісті сыйға тартты.
Жалпы есепке өзгеріс енгізе алмайтын төртінші жекпе-жекте жерлесіміз Асхат Уәлиханов (64 кг) Гайбатулла Гаджиалиевтен 0:3 (47:48, 46:49, 47:48:47) есебімен ұтылып қалды.

Ал соңғы жұп – 75 кило салмақтағы Мейірім Нұрсұлтанов пен Бадри Хардзиани арасындағы айқас 3:0 (49:46, 50:45, 50:44) есебімен біздің боксшының жеңісімен аяқталды.


 

















 
нравится:    775
Теги: Спорт жаңалықтары, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии