21 Сентябрь
05:53
Астана: 15 °C
Алматы: 11 °C
USD/KZT: 341.61
EUR/KZT: 410.27
RUB/KZT: 5.90
CNY/KZT: 51.98
Әлем жаңалықтары
13 қараша 12:01
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

«АСТАНА АРУЫ — 2015″ АНЫҚТАЛДЫ


Жыл сайын өткізілетін «Астана аруы» сұлулық байқауы аяқталды. Today.kz. сайты хабарлағандай, елордамыздың ең сұлу қызы — 21 жастағы Камила Темірова. Камила М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде заң факультетінің 4-курсында оқиды. Ал бірінші орынды Бану Қадырханова иеленсе, екінші орын 18-жастағы Виктория Алексеваға бұйырды.
Астананың ең сұлу қызын таңдауға келген қазылар алқасынының құрамында «Астана аруы-2015″ байқауының директоры Ольга Радеш, Парламент Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова, әнші Алмас Кішкенбаев, «Астана» футбол клубының ойыншысы Бауыржан Джолчиев, 2011 жылы Алматы аруы атанған актриса Әлия Әнуарбек те бар.
Ұйымдаструшылардың айтуынша, кастингке 200-ге тарта қыз қатысқан. Бірақ финалға тек 20 ғана жолдама алған. Қыздарды негізгінен бойы 170 см кем емес, 90-60-90 параметрлері бойынша таңдаған көрінеді.
«Астана аруы — 2015″ атанған Камила Теміроваға жеңімпаздың тәжі мен миллион теңге көлемінде сыйақы берілді. Ол: «Әр қыздың өзінің хоббиі болады деп ойлаймын. Маған моделдік бизнес өте қатты ұнайтын. Мен заң саласында ғана емес, модел болып та жұмыс істей аламын. Бірақ ол тек хобби ғана болып қала берді. Енді «Қазақстан аруы» байқауына қатысамын деп ойлаймын. Өзімнің бүгінгі жеңісімді анама арнаймын. Ол мен де жалғыз, оны қатты жақсы көремін» -деді.


Дереккөзі: baistars.kz
нравится:    783
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии