24 Ноябрь
13:37
Астана: 0 °C
Алматы: 6 °C
USD/KZT: 330.00
EUR/KZT: 390.72
RUB/KZT: 5.65
CNY/KZT: 50.13
Туризм
3 желтоқсан 15:52
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Астана айналасына 4,1 млн. астам көшет егіледі
​2016 жылы елорданың «жасыл белдеуі» аумағында ауданы 291 гектар жерге 353 560 көшет отырғызылады. 



2017-2030 жылдар аралығында ағаш егуге жарамды жалпы ауданы 9 827 гектар жерге жобалардың төрт кезеңімен ағаш отырғызу жоспарланған, оның ішінде 2 792 гектарға жабық тамыр жүйесімен 4,1 млн. данадан аса көшет егіледі. Бұдан бөлек, биотоптар құрылып, 1749 гектар жерге шөп өсіріледі. 2012 жылдан 2015 жылға дейін бірінші және екінші кезектегі жобаны іске асыру аясында орман алқабында ауданы 1 032 гектар жерге жабық тамыр жүйесімен 1 493 000 көшет, сондай-ақ 180 гектар жерге көпжылдық шөп егілді. Өсімдіктердің орташа тамыр алып кетуі 90%-ды құрайды.
Бүгінде «жасыл белдеу» аумағында қоян, түлкі, қарсақ, шілдер мен қырғауыл құстары тіршілік етеді. 2015 жылы одан әрі өсіріп, көбейту мақсатында «жасыл белдеу» аумағына 4083 қырғауыл жіберілді. Қазіргі кезде торларда 400 ересек қырғауыл және олардың 1500-ден астам балапаны өсіріліп жатыр. 

«Жасыл белдеудің» ауданы 14,8 мың гектардан артық, мұнда 9,7 млн. жуық ағаш пен 1,9 млн. бұта өседі. Елорда тұрғындары мен қонақтарының демалуына экологиялық қолайлы жағдай жасау үшін қаланың айналасында екі рекреациялық орман-саябақ аймағын: «жасыл белдеудің» оңтүстік-батыс бөлігінің 25 гектар аумағында, сондай-ақ «солтүстік тізбек» учаскесінің 100 гектар аумағында орман құру көзделген, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Дереккөзі: Қазақпарат
нравится:    778
Теги: Менің Қазақстаным,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии