21 Июль
04:21
Астана: 20 °C
Алматы: 17 °C
USD/KZT: 346.68
EUR/KZT: 404.02
RUB/KZT: 5.47
CNY/KZT: 51.15
Туризм
5 сәуір 14:58
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Астана мен Алматы қалаларынан Сочиге тікелей əуе рейсі ашылады


Алдағы маусым айынан бастап, Астана жəне Алматы қалаларынан Ресейдің Сочи қаласына тікелей əуе рейстері ашылады. Бұл туралы бүгін Астанада Сочи қаласының мэрі Анатолий Пахомовтың қатысуымен өткен баспасөз мəслихатында «Алеан» тур-агенттігінің президенті Илья Уманский мəлім етті.

«Қазақстан тарапынан жағажай бағытына қызығушылық көп екенін байқадық. Сондықтан, Сочи қаласының мэрі Анатолий ақылдаса отырып, Ресей тұтынатын нарықтың жартысын Қазақстанның нарығына бөлу керек деген шешімге келдік. Сочи курорты біреудің көңіліне жақпай қалады деген қорқыныш жоқ. Себебі, Сочи курорты - Олимпиада ойындарынан кейін, жалпы, соңғы 5-6 жылда қатты өзгерді»,-дейді И.Уманский. 

Оның айтуынша, Қазақстаннан келетін туристердің санын арттыру үшін тікелей əуе рейсін ашу мəселесі туындаған.
«Қазақстан мен Ресейдің экономикалық жағдайында қандай өзгерістер болғаны белгілі. Сондықтан, Қазақстанның туристері үшін көршілес елдердің курорты қызығушылық тудыра бастайтыны анық. Біз қазір «Scat əуе» компаниясымен бірге 10 маусымнан бастап аптасына бір рет Астана жəне Алматы қаласынан тікелей əуе рейсін ашпақпыз. Астанадан апта сайын рейс ұшады. Бұл рейстерді жыл бойы ұшыруға бар күшімізді саламыз»,-деді И.Уманский.

Дереккөзі: ҚазАқпарат
нравится:    664
Теги: Туризм жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Читайте также:

Комментарии