14 Декабрь
06:18
Астана: -24 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.38
EUR/KZT: 394.07
RUB/KZT: 5.67
CNY/KZT: 50.67
Әлем жаңалықтары
31 наурыз 16:17
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Астана мен Алматыда баспана арзандап жатыр

Қазақстанда наурыз айында жылжымайтын мүліктің орташа бағасы рекордты көрсеткішке дейін төмендеді, − деп хабарлайды "Крыша" сайты. Сарапшылардың мәліметінше, бағаның төмендеу қарқыны 2-3 есеге артқан.

Ақпан айында Астанада баспананың әр шаршы метрінің орташа бағасы 398 мың теңге болды, ал қазір 372 мың теңге деңгейінде.

"Айтарлықтай өзгеріс Алматыда да байқалды. Мұндағы орташа баға наурызда 9,5 пайызға төмендеді. Ақпанда әр шаршы метрі 446 мың теңгеге бағаланған үйлер наурызда 403,5 мың теңгеге дейін төмендеді. Айырмашылық 42 202 теңге", − делінген баспана нарығының зерттеу нәтижелерінде.

Жылжымайтын мүліктің доллар эквиваленті бойынша да бағасы тарихи минимумға жетті − Астанада әр шаршы метр 1110 доллар, ал Алматыда 1171. Осылайша, елордада 2,8 пайызға төмендеу (-31 доллар), ал Алматыда 6 пайызға дейін (-73 доллар) төмендеу болды. Айта кетейік, бұл өзгерістер теңгенің 3-4 пайызға нығаюы кезінде болды.

Сарапшылардың айтуынша, баспана нарығы кризиске дейінгі тепе-теңдікке жетті деп айтуға әлі ерте. Тамыз айындағы деңгейге жету үшін Алматыда теңгемен бағалану 27 пайызға, ал Астанада 19 пайызға жетуі тиіс. Олардың ойынша, ол жақын арада бола қоймайды. "Баспана бағасының қазіргі төмендеу динамикасын ескеретін болсақ, баспана бағасының 350 мың теңгеге дейін төмендеуі 2016 жылдың ІІ тоқсанында жүзеге асуы ықтимал", − делінген "Крыша" басылымындағы сарапшылардың материалында.
нравится:    772
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии