20 Ноябрь
15:43
Астана: -1 °C
Алматы: 2 °C
USD/KZT: 332.21
EUR/KZT: 391.74
RUB/KZT: 5.57
CNY/KZT: 50.08
Әлем жаңалықтары
6 шілде 12:32
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Астана тарихындағы айшықты даталар

Бүгін елордамыз - Астананың туған күні. Осыдан он жеті жыл бұрын Қазақстан бүкіл әлемге жаңа астанасын таныстырды. Айтулы мерекеге орай Астана тарихына қатысты маңызды даталардың хронологиясын оқырман назарына ұсынамыз.1994 жылы Мемлекет басшысының астананы көшіру туралы идеясын айты.
1996 жылы 6 шілдеде астананы Алматыдан Ақмолаға көшіруге шешім қабылданды.
1997 жылы 10 желтоқсаннан бастап Ақмола Қазақстанның астанасы болып ресми түрде жарияланды.
1998 жылы 6 мамырда Елбасы Н.Ә.Назарбаев Ақмола қаласын «Астана» деп атауға жарлық шығарды.
1998 жылы 10 маусымда ресми түрде жаңа астананың халықаралық тұсаукесер тойы болып өтті.
1998 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды. Әлемнің 15 қаласы Қазақстан елордасының бауырлас қалалары болып табылады, олардың арасында Мәскеу, Берлин, Варшава, Минск, Киев, Анкара, Бангкок және басқалары бар.
2003 жылы 23-24 қыркүйекте Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің I съезі өтті. Оның жұмысына ислам, христиандық, иудаизм, синтоизм, индуизм және буддизмнің мейлінше беделді өкілдері қатысты.
2006 жылы 12-13 қыркүйекте Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІ съезі  осы съезд үшін арнайы салынған жаңа «Бейбітшілік және келісім сарайы» ғимаратында өтті.  Екінші форум жұмысына бұл жолы 29 делегация қатысты.
2007 жылдың маусымында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Еуразиялық ғылым клубын құру туралы сөз қозғады. Еуразиялық экономикалық ғылым клубы 2008 жылдың 27 маусымында Қазақстан Республикасынң экономика және бюджетті жоспарлау Министрлігінің және экономикалық ғылыми-зерттеу институтының көмегімен құрылды. Содан бері жыл сайын Астанада Астана экономикалық форумы дәстүрлі түрде өтіп келеді.
2009 жылы 1-2 шілдеде Еуропа, Азия, Таяу Шығыс және Американың 35 елінен 77 делегация қатысқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің III съезі  өтті. Оның басты тақырыбына кез келген мәселенің оң шешілуіндегі рухани көшбасшылар рөлін олардың өзара құрмет пен ынтымақтастыққа негізделген толерантты әлемді қамтамасыз етуге қосқан үлесі аясында арттыру жайы арқау болды.
2009 жылы қазан айында Тәуелсіздік даңғылы бойындағы еліміздің басты алаңында "Қазақ елі" монументі ашылды. 
2010 жылғы шілде айында «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығы ашылды. Әйгілі сәулетші Норман Фостердің жобасы бойынша салынған орталықтың биіктігі 150 метрді құрайды, аумағы - 127 мың шаршы метр.  
2010 жылдың 1-2 желтоқсанында Еуропада, Орталық Азияда және Солтүстік Америкада орналасқан 56 елдің басын біріктіретін ірі аймақтық ұйым - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалық еткен Қазақстан тарапы Астанада ЕҚЫҰ Саммитін ұйымдастырды.
2011 жылы қаңтар-ақпан айларында Астана мен Алматы қалаларында Қазақстанда тұңғыш рет VII Қысқы Азиада ойындары болып өтті.
2011 жылғы 28-30 маусымда Астанада Ислам ынтымақтастығы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) 38-ші сессиясы өтті. Сол сәттен бастап Қазақстан осы халықаралық ұйымға төрағалық етуге кірісті.
2011 жылы «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы ашылды. Сәулет нысанының биіктігі - 20 метр. Бұл - ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығының белгісі.  
2012 жылғы 30-31 мамырда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV съезі өтті. IV Съездің басты тақырыбы «Бейбітшілік пен келісім адамзат таңдауы ретінде» деп аталды. Форумға әлемнің 40 елінен 85 делегация қатысты.
2012 жылғы 22 қарашада ХКБ-ге мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана жеңіске жетіп, EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын ретінде таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдады. ЕХРО-2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ. EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін Астанада өткізу - Қазақстанның негізгі ірі жобаларының бірі. Мұндай ауқымды шараны еліміздің астанасында ұйымдастыру туралы бастама Мемлекет басшысына тиесілі.
2015 жылғы 10-11 маусым күндері Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезі өтті. Оған әлемнің 42 елінен 80-нен астам делегация, БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун, Иордания королі ІІ Абдалла, Финляндия республикасының басшысы Саули Ниинисте қатысты.


Дереккөзі: ҚАЗАҚПАРАТ
нравится:    770
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии