24 Октябрь
13:39
Астана: -1 °C
Алматы: 18 °C
USD/KZT: 336.05
EUR/KZT: 394.49
RUB/KZT: 5.85
CNY/KZT: 50.63
Мәдениет
16 маусым 13:16
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Астана тұрғыны Баян Есентаеваға тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады


Нұрталап Пернебек есімді азамат желіде Баян Есентаеваға үйленгісі келетінін айтты. Мұнымен қатар, продюсердің жағдайын жасап, екі қызын асырай алатындай жалақы алатындығын тілге тиек етті. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Баян Есентаеваның басындағы қайғылы оқиға оның жақындарын ғана емес, барша қазақстандықты алаңдатты. Тіпті халық ауруханада жатқан суретін жарияламауды өтініп, сауығып кетуіне дұға етіп жатқандарын жеткізді.

Десе де арасында “қуанышын” жасырмай, түрлі тәсілмен әжуалағандар да болды. Ал астаналақ Нұрталап Пернебектің әрекеті барлығынан ерекшеленді десе де болады. Ол продюсерге үйленгісі келетінін айтты.

“Ел болып талқыланып жатыр ғой әйгілі продюсер Баян ханымның жағдайы. Жеке өзім ол кісімен таныстығым жоқ, бірақ талантын бағалаймын. Аман-есен ауруханадан сауығып шығуын тілеймін. Енді жұрт оны күйеуімен ажырасатын болды деп жүр.

Әйеліне қол көтерген еркектің барар орны белгілі ғой. Баян ханым жолдасымен ажырасып кетсе, мен ол кісіні жар етіп алуға дайынмын. Екі қызы да бой жетіп отыр екен”, – деп Нұрталап Пернебек бұл ұсынысын күлкіге айналдырмауды өтінді.




Десе де, жұрт жүзін жасырған жігіттің бұл сөздерін әжулап, “Мәссаған, не дейді? Мынадай жігіт қазақтың арасында бар десе сенбес едім, бар екен ғой оказывается”, “Бұл бала Бақытбек ағамыздан таяқ жейін деп жүр-ау”, “Сынок  ты до такой степени ленивый что жену с двумя детьми взял“ дейтін үйде адам жоқ па?” сынды пікірлер білдірген. Мұнымен қатар, арасында әйел қауымы жігіттің сөздерін құптап, қолдай түскен-ді.

34 жастағы азамат үйленбеген екен. Сөзіне сенсек, бойында еш кемшілігі жоқ. Алматы қаласында туғанмен, бүгінгі таңда Астана қаласында тұрып жатқан көрінеді. Ол табысының жақсы, жұмысының тұрақты екенін айтады.

 
нравится:    5644
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии