21 Сентябрь
16:24
Астана: 23 °C
Алматы: 25 °C
USD/KZT: 341.61
EUR/KZT: 410.27
RUB/KZT: 5.90
CNY/KZT: 51.98
Спорт
1 маусым 10:00
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​“Астана” велошабандозы “Джиро д’Италияның” 19-шы кезеңінде жеңіске жетті
Ұзындығы 236 шақырымдық “Джиро д’Италия” көпкүндік веложарысының 19-шы кезеңінде “Астананың” велошабандозы Фабио Ару жеңіске жетті.


“Астананың” итальяндық велошабандозы Фабио Ару алғашқы болып мәреге жетті. Екінші болып Cannondale-Garmin клубынан канадалық Райдер Хешедаль мәре сызығын кесті. Etixx – Quick-Step командасынан колумбиялық Ригоберто Уран көшбасшылар үштігін тұйықтады, деп хабарлады Sports.kz.

“Астананың” қалған шабандоздары мына тәртіппен мәреге жетті: Танел Кангерт – төртінші, Микель Ланда – жетінші, Паоло Тиралонго – 26-шы, Луис Леон Санчес – 31-ші, Диего Роса – 35-ші, Дарио Катальдо – 54-ші, Андрей Зейц – 84-ші, Давид Малакарне – 104-ші.

Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков Фабио Ару жеңіске жеткен итальяндық “Джиро д’Италия” Гранд-турының 20-шы кезеңіне барды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Астана әкімі жарыстың барысын команданың бас менеджері Александр Винокуров және Қазақстанның велоспорт федерациясының президенті Дархан Қалетаевпен бірге тамашалады.

“Осындай кезеңге бірінші рет келіп отырмын. Біздің “Астана” командасы өте танымал. Қазір ғана үлкен спорттық газеттің бас редакторымен кездестім, ұйымдастырушылардың бағалары бойынша, “Астана” – ең жақсы ұйымдасқан әрі мықты командалардың бірі. Бұл, әрине, Қазақстан үшін, бірінші кезекте Астана қаласы үшін мақтаныш”, – деді өз сөзінде Астана қаласының әкімі.
нравится:    677
Теги: Спорт жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии