20 Август
04:35
Астана: 11 °C
Алматы: 12 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Экономика
1 қараша 14:38
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Астана және Алматы қалаларында баспана бағасы төмендеді



Астана баспана нарығында арзандаушылық байқалады. Ұсыныстардың орташа бағасы қазан айында 1,2 пайызға төмендеген. Шаршы метрдің бағасы шамамен қазір 339,7 мың теңге болса, бұл қыркүйектегі көрсеткіштен 4,3 мың теңге арзан. 

Айта кету керек, өткен айлардағы жағдайларға қарағанда қазан айында айтарлықтай өзгешеліктер орын алды.

Ең соңғы рет елордадағы үй бағасы шілдеде 2,7 пайызға арзандаған еді. Ал қазандағы баға биылғы жылғы ең төменгі көрсеткішті көрсетіп отыр.

Жалпы, 2016 жылы нарықта 18 пайыз арзандаушылық болды. Әсіресе жыл басында баспана қатты арзандаған. Ал соңғы алты айда баға 4 пайыз айналасында төмендеді.

Сонымен қатар, Алматы қаласында да үй бағасы кезекті рет биылғы минимумға түсті. Қазан айындағы көрсеткіш бойынша орташа баға қыркүйекпен салыстырғанда 4,8 пайыз төмендеп, шаршы метріне 362 500 теңгеге төмендеді.

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйекте үй бағасы бұрын-соңды болмаған бағаға қымбаттаған еді. Оның алдында шілдеде, мәселен, үй бағасы 367 025 теңгені құраған. Дегенмен, жыл соңына қарай бағаның төмендеуі жиілеуде. Нәтижесінде биылғы жылғы ең арзан баға қазан айының соңында тіркеліп отыр.

Дегенмен, бұл нарықтың біржола құлдырағанын білдірмесе керек. Өйткені мұндай өзгерушіліктер жыл соңына дейін орын алуы әбден заңды, дейді сарапшылар.


Дереккөзі: http://naryk.kz

 
нравится:    888
Теги: Главная, Жылжымайтын мүлік,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии