16 Декабрь
07:12
Астана: -22 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Авто
29 шілде 09:28
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Астанада 11 тамыздан бастап жүргізушілерді автобус жолағына түскені үшін жазалайтын болады
Астанада 11 тамыздан бастап жүргізушілерді автобус жолағына түскені үшін жазалайтын болады


Астанада қоғамдық көліктер үшін сызылған жолақтармен жүрген жеке көлік иелері 11 тамыздан бастап айып төлейтін болады. Бұл жайында Астана қалалық ІІД әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Елжан Чупеков мәлімдеді деп жазады Tengrinews.kz.

"Жолақтар 26 шілдеден бастап сызылып, іске қосылды. Жүргізушілерді ескерту жұмыстары тамыз айының бірінші онкүндігіне дейін жалғасады. Яғни, 11 тамыздан бастап автобустарға арналған жолақтарға шығып кеткен өзге көлік жүргізушілеріне айыппұл салынады. Қазіргі таңда бейнебақылау камералары жұмыс істеп тұр, егер осы 11 тамыздан кейін де ереже бұзу жалғасатын болса әр жүргізушіге 10 АЕК көлемінде айыппұл саламыз. Ал, дәл осы ережені қайта бұзса айыппұл көлемі екі еселенеді" деді Чупеков.

Айта кетейік, 26 шілде күннен бастап Астанадағы екі көшеде арнайы автобус жолағы пайда болды. Олардың бірі Бөгенбай көшесінде, екіншісі Б.Момышұлы көшесінде орналасқан. 

Дереккөзі: BAQ.kz 
нравится:    1072
Теги: Автожаңалықтар,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии