15 Декабрь
08:31
Астана: -22 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 334.92
EUR/KZT: 395.88
RUB/KZT: 5.71
CNY/KZT: 50.69
Экономика
16 қазан 17:01
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Астанада 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында құжат қабылдау жүргізілуде
"Қазақстан ипотекалық компаниясы" ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы 2015 жылғы қазанда Астана қаласында сатып алу мен жалға беру үшін мынадай объектілерден 256 пәтер қарастырып жатыр: Ақмола облысы,  Целиноград ауданы, Қосшы кенті, Ә. Жангелдин көшесі мекен-жайында орналасқан "Академия" тұрғын үй кешенінен 95 пәтер; Астана қаласы, "Алматы" ауданы,  Оңтүстік-Шығыс тұрғын үй алабы  (сол жағы), Қобыланды батыр көшесі мекен-жайында орналасқан № 7 д, 7 г үйлерден 161 пәтер.



Тұрғын үй сатып алумен жалдауға 20 жылға дейінгі мерзімге беріледі (кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін жалға беру мерзімі 30 жылға дейін ұзартылуы мүмкін). Ең аз жалға беру мерзімі 5 жылды құрайды (бес жыл өткен соң жалға алушының мерзімінен бұрын сатып алуға құқығы бар).

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысымен бекітілген Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының шарттарына сәйкес құжаттарды қабылдау тек қана e.astana.kz веб-порталы арқылы өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі – ЭЦҚ) пайдаланумен іске асырылатын болады.


Құжаттарды қабылдау 2015 жылғы 19-23 қазан (қоса алғанда) аралығында жүргізіледі. Осы құжаттар қабылдау аясында өтініш жоғарыда көрсетілген нысанның біреуі бойынша ғана қабылданады.

Порталдың жұмыс уақыты – тәулік бойы.
Бағдарламаға сәйкес бұл бағытта Астана қаласында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждылар кезегінде тұрған (кезектегілер) келесі санаттар бойынша азаматтар ғана қатыса алады:
–  көп балалы отбасылар;
–  толық емес отбасылар;
–  мүгедек баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған отбасылар;
–  жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
–  оралмандар;
–   мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлері, бюджеттік ұйым қызметкерлері.


Дереккөзі: astana.gov.kz
нравится:    763
Теги: Нарық және тұрмыс,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии