16 Декабрь
07:32
Астана: -22 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Авто
21 тамыз 15:29
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Астанада 5 экспресс-бағдар енгізіледі

29 тамыздан бастап Астанада 5 экспресс-бағдар енгізіледі. Мақсат – халық тығыз орналасқан аудандарды бір-бірімен байланыстыру. Экспресс автобустың сыртқы дизайны ерекшеленеді. Аялдамаларда арнайы «Экспресс» деген белгі ілінеді. Ал жүру құны – 150 теңге.  Бейбіт Есжанов, «Астана ЛРТ» ЖШС қоғамдық көлік бөлімінің жетекшісі: - Бұл автобустарға жолаушылар алдыңғы есіктен кіреді. Ал жеңілдігі бар жандар ортадағы есіктен отырғызылады. Жол жүру ақысын автобус жүргізушісіне төлейді. Кондуктор болмайды. Бұл автобустар халықаралық стандарттарға сай жабдықталған. Орындықтар саны көп. Жылыту, мұздатқыш қондырғылары мен бейнекамера жұмыс істейді. Сондай-ақ, алдағы уақытта WI-FI қондыру жоспарланған.  Сондай-ақ, жеңілдік санаттағы азаматтарды фототіркеуден өткізу мерзімі осы айдың соңына дейін ұзартылды. Еске сала кетейік, осы жылдың соңына дейін жол ақысын электронды төлеу жүйесіне ауыстыру көзделіп отыр. 

Дереккөзі: 24.kz
нравится:    662
Теги: Автожаңалықтар,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии