25 Апрель
00:04
Астана: 9 °C
Алматы: 20 °C
USD/KZT: 325.80
EUR/KZT: 397.83
RUB/KZT: 5.29
CNY/KZT: 51.69
Авто
2 қазан 12:52
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Астанада №52 жəне №54 автобустар жол қозғалысынан шығады
3 қазаннан бастап Астанада №52 жəне №54 экспресс-автобустар жол қозғалысынан шығады.  №54 автобустың орнына жаңа №105 экспресс-автобус жолға шықпақ.



Бұл туралы «Астана LRT» компаниясының баспасөз хатшысы Айгүл Жамалова мəлім етті.«Тамыз айынан бастап қалада №№100,101, 102,103,104 бағдарлы экспресс-автобустарды жолға шығарған едік. Бұл автобустар сол кезде жойылады деп жоспарлағанбыз, бірақ, халық осы автобустардың орнына жүретін бағдардарға үйренсін деп, кейінге шегердік. Енді №52 автобус мүлде жүрмейді, ал 54 автобустың орнына Жібек жолы ауылына дейін баратын жаңа №105 экпресс-автобус жолға  шығады. Бұл автобуста жолаушылар үшін барлық жеңілдіктер сақталады», - деді А.Жамалова.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, ертеңнен бастап елордада  Астана-Тайтөбе арасында №302 автобус (жолақы мөлшері 150 теңге), Астана-Қосшы арасында  №303 автобус (жолақы 130 теңге), Астана-Жібек жолы арасында №304 автобус (жолақы 160 теңге), Астана-Талапкер арасында №306 автобус (жолақы 120), Астана-Қоянды арасында №307 авобус (жолақы 100 теңге), Астана-Воздвиженка арасында №311 автобус (жолақы 140 теңге) жүреді.
А.Жамалова бұл автобустардың барлығы жоғары класты (Hyundai жəне Mercedes) автобустар, орындықтары жұмсақ əрі ыңғайлы екенін атап өтті.

Дереккөзі: ҚазАқпарат
нравится:    692
Теги: Автожаңалықтар,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте также:
Загрузка...

Комментарии