19 Декабрь
02:19
Астана: -21 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Авто
6 қазан 09:43
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Астанада "ақылды аялдама" салынып жатыр
Астанадағы "кілтпен" жабылатын жабық түрдегі жылу қосылған сынама павильон құны 10 миллион теңгені құрайды, деп хабарлайды Today.kz қаланың Жолаушылар көлігі мен автокөлік жолдарының басқармасына сілтеме жасай отырып.



Басқармадан мәлімдегендей, жабық түрдегі аялдама павильоны бір квадрат метрге төрт адам деп есептегенде 20-30 адам сыйяды.

Сондай-ақ, жолаушыларды ақпараттандыру жүйесі қаланың Интелектуалды көлік жүйесі (ITS) жаһандық жобаның аясында іске асады. Сонымен бірге, жолаушылардың ыңғайы үшін аялдамалар ақпаратандыру жүйесімен берге жылыту мен ауа айналу жүйесімен жабдықталады.

Алғашқы аялдама "Asia Park" сауда ойын-сауық орталығының маңынан салынады. Қалған аялдамаларды орнату жобалау мен рұқсат құжаттарын алу сатысында.

"Астана бойынша жалпы 82 жолаушылар көп және лық толы орындар анықталды. 2015 жылдың соңына дейін олардың 30 қамту ойластырылған. Қазіргі кезде аялдама кешенін тұрғызу үшін инвесторды анықтау жұмысы жүріп жатыр", - делінген қаланың жолаушылар көлігі мен автокөлік жолдары басқармасының хабарламасында.

Мұның алдында, 2015 жылдың аяғына қарай 55 жабық жылытылатын, дәретханамен жабықталған аялдама салынады деп хабарланған. Ал өзге аялдамалар100 пайызға модернизацияланады. Аялдамалық павильондарды екі көлемде: 12,5 квадрат метр және 20 квадрат метр етіп салу жоспарланған.
нравится:    1203
Теги: Автожаңалықтар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии