23 Сентябрь
01:02
Астана: 6 °C
Алматы: 13 °C
USD/KZT: 340.11
EUR/KZT: 407.93
RUB/KZT: 5.91
CNY/KZT: 51.61
Экономика
26 мамыр 10:11
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Астанада арзан пәтерді қалай алуға болады?
 Астанадағы пәтердің бағасы шырқап тұр. Елордадан пәтер алуды қазақстанның басым көпшілігі армандайтындығы шындық... Сондықтан да біз осы өзекті мәселені көтере отырып, қалың оқырман көкейінде жүрген «Астанада пәтер құны қанша?», «Қай аудандарында баға қол жетімді?», «Қалай алған тиімді?» деген бір топ сұрақтарға жауап іздеуге тырысамыз.

Cіз Астанадан жеке бұрышыңыздың бұйыру арманыңыздан қоштаспаңыз, тіпті сол жағалаудан да арзан объектілерді кездестіресіз деп жазады Kn.kz жылжымайтын мүлік туралы порталдағы хабарландырулардың базасын зерттей отырып.
Сонымен қатар тұрғын үй, құрылыс саласын зерттеуге мамандандырылған Kn.kz басылымы мынадай өзіндік зерттеулерін ұсынды.
Белгілі бір сомаға жатақханалардағы бөлмені, салынып жатқан үйлерде пәтерді және шағын жанұялық типтегі бір бөлмелі пәтерді иеленуге болады екен. Әрине, бөлме менен пәтер сондай көп те емес, бірақ, салынып жатқан үйлерге сұраныс жеткілікті. Олардың арасында тұрғын үй кешенін, қабаттылықты, пәтердің және шаршының орналасуын таңдайды. Бір жаманы — ТК-і пайдалануға беремін дегенше, оны күту керек.
Басылым өзінің зерттеуін ары қарай былай жалғайды.
Елордадағы әуежайдың ауданында әрбір бөлме 20 000 $ шамасында тұрады. Жалпы алғанда, аудан жаман емес. Балабақша және мектеп жақын, автобустар жақсы жүреді. Бірақ, орын ескі. Жатақхананың өзі 80-ші жылдары салынған.
«Юг» ТК-де пәтер 45 000 — 50 000 $ тұрады. Астананың сол жағалауында  «ЭКСПО» құрылысының ауданынан алыс емес жерде жуырда, таяуда «Юг» бес қабатты тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Бірден айтатын жайт: тұрғын үй қарадай, қарапайым нұсқада айқын сатылады. Қабырғаның материалы — кірпішті, бөлмелер қапталған. 


Егер сіз Астананың сол жағалауының жүрегіндегі нақ жақсы, тәуір шаршыға иелік еткіңіз келсе, онда тұрғын үйді салынып жатқан тұрғын үй кешенінен дәл сатып алуға мүмкіндігіңіз бар. Бұл үйді келесі жылдың басында, 2016 жылдың соңында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Мерзім әр түрлі, оған, әрине, пәтердің құны байланысты. 
Мәселен, «Садовые кварталы» ТК-де пәтер 42 000 $ тұрады. Аталған ТК-дегі 41 ш.м. көлемі бар бір бөлмелі пәтерді сатушы 42 мың долларға ұсына алады.
Сауда-сауықтыру орталықтарына жақын ТК-дегі пәтерлер 37 000 $-ға бағаланады. «Хан Шатыр», «Сарыарқа», Mega Astana сауда-сауықтыру орталықтарына алыс емес жерде 2016 жылдың ортасына қарай жаңа он қабатты үй пайда болмақшы. Ондағы пәтерлер қазіргі таңда соншалықты қымбат емес. 38 шаршысы бар бір бөлмелі пәтерді 37 мың долларға иеленуге болады. 
Ал Жаңа салынып жатқан үйлердегі екі бөлмелі пәтер алғыңыз келсе онда, оған жоғарыда аталған басылым мынадай уәж айтады.
«Самал» ТК-дегі бір пәтер 49 000 $ тұрады. ТК-ін 2016 жылдың III тоқсанында Қабанбай батыр көшесі бойынша салынып біту жоспарланып отыр. Мұнда 54 ш.м. көлемі бар екі бөлмелі пәтерді 49 мың долларға иеленудің толық мүмкіндігі туындап отыр. Комфорт-класты тоғыз қабатты үй ЭКСПО объектілерінің құрылыс аудандарында орналасады.
«Экодом» ТК-де пәтер 40 000 $ тұрады. Осы жылдың нақты ортасына қарай Сығанақ көшесінде ойып орын тепкен «Экодом» ТК-і пайдалануға беріледі-міс. 40 ш.м. көлемі бар жеті қабатты тұрғын үй кешенінде бір бөлмелі пәтерді 40 мың долларға сатып алуға болады. 

P.S. kn.kz басылымы көрсеткен зерттеулердегі үй бағаларының көпшілігі салынып жатқан бағаларға тиселі екендігін тағы бір мәрте айта кеткіміз келеді. Осы айтылғандарды қорыта келе мынадай тұжырым жасауға болады. 40-50 мың доллар шамасында Астаның элиталық аудандарынан үй сатып алуға болады. Бірақ егер сіз ақшаңызды алдын ала құрылыс компаниясына төлеп үлескер болсаңыз... Алайда, үлескер болудың да өзіндік проблемалары жетерлік. Өйткені құрылыс компаниясы объектіні аяқтау уақытын тым созып, үлескерлердің төзімін таусып жіберетін жайттар жиі кездеседі. Әрине, бұл жеке тақырып... 
 

 
 
нравится:    1154
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии