|    |  
13 қараша 2018
14:00
қз
Астанада атыс болды
15 маусым, 11:21 1527
Астанада 14 маусым түнгі сағат 23:00 шамасында атыс болды. Қазіргі уақытта бұзақылық жасағандардың барлығы қолға түсті. Бұл туралы Астана қаласы ІІД баспасөз қызметі хабарлайды. 



Тергеу барысында той ұйымдастырумен айналысатын бұрыннан таныс 28 және 32 жастағы азаматтар өзара жанжалдасып қалған. Қақтығыс Сәтпаев-Момышұлы көшелерінің қиылысында болған. Оған екі жақ достарын ертіп барған. Қатысушылардың біреуі травматикалық тапаншадан оқ атса,  тағы біреуі қорқыту үшін жаттығу гранатасын лақтырған. Бұл оқиға ҚР ҚК 293-бабымен Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестріне тіркелді.

Дереккөзі: 24.kz 



 
Жаңалықтар