12 Декабрь
08:23
Астана: -18 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Авто
27 шілде 09:18
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Астанада автобустарды қас-қағымда тазартатын автожуу кешендері ашылады
Қоғамдық көліктердің санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында Астанада автобустарды 3 минут ішінде тазалауға мүмкіндік беретін модульдік автожуу кешендері енгізілмек.Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігі  хабарлайды.


Айта кетейік, автобустардың санитарлық жағдайына тұрғындардың шағымы аз түспейді.

Әкімдіктің хабарлауынша, барлық қалалық қоғамдық автобустар күнделікті ішкі және сыртқы тазалаудан өтеді.

«Осыған байланысты, тұрғындардан түсетін барлық шағымдар мен арыздарды, соның ішінде санитарлық жағдайға байланысты хабарланған мәлімдемелерді, міндетті түрде қарастырамыз. Сонымен қоса, көлік ішінде аңдаусыз ластану көп жағдайда Астана қаласының ауа райына және көшелерде жол инфрақұрылымының болмауына байланысты туатынын ескертеміз. Мұндай жағдайда автобус жүргізушілері, жол жүру кестесіне сай, қосымша тазалау жұмыстарын өткізу үшін, автопарктерге соғуға тырысады», - деп атап өтеді қала басшылығы.

«Осы сұрақтарды шешу мақсатында, біз бөлек тұрған модульдік автожуу кешенін енгізуді қарастырып отырмыз. Бұл автобустарды 3 минут ішінде тазалауға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар бүгінгі таңда қалада Көлікті бақылау қызметі құрылған. Ол автобустардағы жол жүру төлемдерін, жолаушыларды тасымалдайтын операторлардың жұмысы мен автобустардың техникалық және санитарлық жағдайын бақылайды.
нравится:    678
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии