Әлем жаңалықтары
13 қаңтар 13:35
Астанада - аяз! Ал, біз сізге аяз атаулары мен түрлерін ұсынамыз
Ақ аяз – жылы ауамен, бумен араласқан, аппақ, будақ-будақ аяз.
Көк аяз – құрғақ аяз.



Қақаған аяз – бет қаратпайтын қатты аяз.
Құрғақ аяз – ылғалсыз, шыты­наған, суық аяз.
Қызыл шұнақ аяз // шұнақ сары аяз – қатты құрғақ, бет қаритын, шыңыл­тыр аяз.
Қытымыр аяз – қатты, шымшыма аяз.
Сақылдаған сары аяз // сақырла­ған аяз – қаңтардың аяғы, ақпанның басында болатын сары аяздың күшіне мінген, күшейген кезі, шағы.
Сары аяз – а) ұзаққа созылған қатты аяз; ә) ұзақ жылдарға созылған қиыншылық, ауыртпашылық.
Түкірік жерге түспейтін аяз – ауа-райының суықтығы соншалық, адамның түкірген түкірігі жерге мұз боп түсетін, өте қатты аяз.
Тымырсық аяз – желсіз күнгі шақпа аяз.
Үскірік аяз – боранды, желді аяз.
Шымшыма аяз – бетті қарып өтетін, шытқыл, шақпа аяз.
Шыңылтыр аяз // шаңылтақ аяз // шақпа аяз – құрғақ, қатты аяз.
Шытқыл аяз // шытынаған аяз – сақырлаған қатты аяз.
Шытымыр аяз – қалың қар түс­кен­нен кейінгі құрғақ, шыңылтыр аяз. 

Дереккөзі: http://anatili.kazgazeta.kz 

Комментарии




Яндекс.Метрика