19 Сентябрь
23:07
Астана: 11 °C
Алматы: 15 °C
USD/KZT: 340.95
EUR/KZT: 408.73
RUB/KZT: 5.87
CNY/KZT: 51.80
Спорт
24 тамыз 12:23
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

АСТАНАДА ДЗЮДО КҮРЕСІНЕН ЕЛІМІЗДЕГІ ТҰҢҒЫШ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ

24-30 тамыз аралығында Астанада дзюдо күресінен елімізде алғаш рет әлем біріншілігі өткізіледі. Оған 123 мемлекеттен 823 спортшы (495 ер мен 328 қыз) қатысады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Сонымен бірге, елордаға 1000-ға жуық қонақ келеді. Олардың ішінде бапкерлер мен федерация басшылары және басқа да лауазым иелері бар.

Байрақты бәсеке барысында жұмыс істеу үшін 160 журналист тіркеуден өтуге өтініш жасады. Бұл чемпионат Олимпиада қарсаңында өткізілетіндіктен, барлық мемлекеттер үшін маңызды.

Әлем біріншілігі «Алау» мұзайдынында өткізіледі. Жарыс ерлер мен қыздар арасында 7 салмақ дәрежесі бойынша ұйымдастырылады және соңғы күні командалар өзара сынға түседі.

Дереккөзі: baistars.kz
нравится:    796
Теги: Спорт жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии