20 Сентябрь
18:57
Астана: 25 °C
Алматы: 25 °C
USD/KZT: 340.95
EUR/KZT: 408.73
RUB/KZT: 5.87
CNY/KZT: 51.80
Авто
21 қаңтар 15:16
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Астанада ең көп сатылған көліктің VIP нөмірі - 001
2015 жылы Астана қаласында жеке автокөлік иелері 1 мыңнан аса VIP-номерлер сатып алған. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының тіркеу-емтихан қабылдау жұмыстары жөніндегі бөлім басшысының орынбасары Елдар Данияров хабарлады.
 
 



Оның айтуынша, елордалық көлік иелерінің көбі «001» мемлекеттік тіркеу нөміріне қызығады. 
«Астана қалалық Ішкі істер департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының мәліметіне сүйенсек, 2015 жылы Астана қаласында жалпы сомасы 430,5 млн теңге көлемінде 1 241 мемлекеттік тіркеу нөмірі сатылған»,-деп түсіндірді ол.
Әкімшілік полиция басқармасының дерегіне сүйенсек, елордадағы көлік иелерінің арасында сұранысқа ие VIP-нөмірлер - ол «001», «111», «777».
Нақтырақ айтсақ, 2015 жылы Астанада 240 көлік иесі «001» мемлекеттік тіркеу нөмірін, 186 көлік иесі - «111» нөмірін, 137 адам - «777» нөмірін, 117 адам «555» мемлекеттік тіркеу нөмірін сатып алған. Сонымен қатар, былтыр  «007» нөмірі 82 адамға,  «100» комбинациясы - 84 адамға, «888» комбинациясы - 99 көлік иесіне, «999» комбинациясы - 72 жүргізушіге сатылған.
Әкімшілік полиция 2016 жылға қатысты дерегін әлі жария еткен жоқ.

www.inform.kz
нравится:    779
Теги: Автожаңалықтар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии