22 Август
11:35
Астана: 24 °C
Алматы: 19 °C
USD/KZT: 332.58
EUR/KZT: 390.38
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
26 шілде 15:56
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Астанада Ерасыл Әубәкіровтің ісі қайта қаралуы мүмкін


Астаналық студенттің жантүршігерлік өлімін тергеген Ішкі Істер министрлігінің тергеушілеріне қатысты қылмыстық іс қозғалуы да ықтимал. Өйткені, «Ерасыл Әубәкіровты азаптап өлтірді» деп айыпталғандардың бірі Нұрбек Әжімбайдың адвокаты полицейлердің үстінен шағымданып, прокуратураға арыз түсірді.

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

«Тергеушілердің іс-әрекеті заңсыз деп танылды. Өйткені, күдікті Әжімбайдың құқығы бұзыла жаздады. Болашақта істі жан-жақты қарау үшін тергеудің кейбір тұстарын қайта қарауды талап ету жоспарымызда бар», — дейді адвокат Ерлан Ғазымжанов.

Адвокаттың айтуынша, тергеушілер күдіктілердің туыстарына қылмыстық істің аудио және видеоматериалдарының көшірмесін көрсетпеген. Ал, ол таспаларда елордалық студенттің қалай өлгені және фигуранттардың телефон әңгімелері жазылған екен.

Басты күдікті болған Аян Мейірбаевтың жауапкершіліктен неге босатылғанын да сол таспалардан қарап түсінуге болар еді, — дейді адвокат. Әрі заң бойынша күдікті тергеу материалдарымен толық танысуға құқылы.

Полицейлер «Ерасылды өлтіруге тапсырыс берді» деген айыппен ұсталған Аян Мейірбаевты мамырда босатып жіберген болатын. Тергеушілер Өскемендік ірі кәсіпкердің ұлын кінәсіз деп отыр. Оның әрекетінен еш қылмыс таппадық деп, тергеуді де тоқтатты.

Қалған 3 күдікті Андрей Тихоненко, Виталий Шерстенев пен Нұрбек Әжімбай әлі абақтыда. Естеріңізге салсақ, биыл ақпан айында Астанада Медицина университетінің 6 курс студенті 23 жастағы Ерасыл Әубәкіровтың өлі денесі қала сыртынан табылған болатын.

Кейін марқұмды Аян Мейірбаев азаптап ұрып, қинап жатқаны түсіп қалған таспа тарады.
нравится:    713
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии