20 Октябрь
15:00
Астана: 8 °C
Алматы: 17 °C
USD/KZT: 334.11
EUR/KZT: 394.65
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.46
Экономика
7 қараша 10:10
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Астанада ісін жаңа бастаған жеке кәсіпкерлердің өтінімін қабылдау басталды
Астана қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқарамасы ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін ашық конкурс жариялады.





Конкурсқа өз ісін ашуға ниетті жеке кәсіпкерлік субъектілері, жас кәсіпкерлер, әйелдер, мүгедектер және 50 жастан асқан адамдар қатыса алады, деп хабарлады astana.gov.kz.

Конкурстың мақсаты – ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша экономиканың басым секторлары шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін нысаналы гранттар беру. Конкурс «Бизнес-кеңесші»/«Бизнес-кеңесші-1» және «Жас кәсіпкер мектебі» жобалары бойынша өтеді.

Бизнес-жобаның міндетті шарты: кәсіпкер ұсынып отырған гранттың көлемінен кемінде 10 пайыз мөлшерінде оны іске асыру шығындарын бірге қаржыландыру.

Конкурсқа қатысу үшiн өтiнiмдерді Астана қаласы Бейбітшілік көшесі, 11, 522 б, «Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқарамасы» ММ тапсыру керек.

Конкурстық құжаттамамен www.upp.astana.kz сайтында танысуға болады.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзiмдерi: 2016 ж. 1 қарашадан 15 қарашаға дейінгі мерзім аралығында жұмыс күндерi сағат 10.00-нан бастап сағат 17.00-ге дейiн.

Көрсетiлген мерзiм аяқталғаннан кейiн келiп түскен өтiнiмдер қабылдауға жатпайды.



Дереккөзі: astana.gov.kz
 
нравится:    804
Теги: Бизнес, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии