|    |  
20 қараша 2018
22:44
қаз
​Астанада қазақ тілін үйретуден тегін курстар ашылды
16 ақпан, 11:08 539

Елордада Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында қазақ тілін оқыту бойынша курстар басталды. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Биыл тыңдаушылар саны 1500 асты. Қалалық Тілдерді дамыту басқармасының хабарлауынша, биыл тегін курстар туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарынан басқа, әлеуметтік желілер арқылы таратылған. Бұл тілді үйренем деушілер санын өткен жылдармен салыстырғанда айтарлықтай арттыруға ықпал еткен. Тілді меңгеруге мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен т.б. ниет білдірген. Олардың басым бөлігін жастар құрайды. Білікті мамандар өткізетін сабақтар аптасына екі рет «Іскер» оқу орталығында өтеді. Айта кетейік, қазақ тілін оқыту бойынша тегін курстар жыл соңына дейін жалғасады.

24.kz
Теги: Главная
Жаңалықтар