24 Ноябрь
11:48
Астана: -6 °C
Алматы: 1 °C
USD/KZT: 330.00
EUR/KZT: 390.72
RUB/KZT: 5.65
CNY/KZT: 50.13
Авто
29 шілде 12:10
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Астанада кісі өліміне соқтырған жол апатына кінәліге іздеу жарияланды
Астана ІІД 14 шілдеде жол-көлік оқиғасын жасап, 21 жастағы жігітті қағып өлтірген Павлодар тұрғынына іздеу  жариялады.



«Павлодар қаласының тумасы 12.06.1987 ж.т. Қасым Байрамқұлов ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі, 347-бабы бойынша іздестірілуде», - делінген Астана ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Кескін-келбеті: тығыз дене бітімді, дөңгелек жүзді, шашы тік, қара, көзі қара.
Оның мекенжайы туралы қандай да бір ақпараты бар азаматтар 8 (7172) 71-62-14, 71-61-94, 8-701-843-90-09 телефондары бойынша хабарласуды өтінеді.
Еске салсақ, 14 шілдеде сағат 22.00-дер шамасында Сауран көшесі жағына қарай Достық даңғылы бойымен бет алған BMW X5 маркалы көлікті басқарған жүргізуші осы бағытпен келе жатқан ВАЗ-2114 көлігімен соқтығысты.
Қатты соққыдан ВАЗ 2114 маркалы көлік қарсы жол жолағына шығып кетіп,  Lexus маркалы көлікпен қатқығысты. Салдарынан   ВАЗ-2114 көлігінің  21 жастағы жолаушысы алынған дене жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Ал бұл көліктің жүргізушісі түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Lexus маркалы көліктің жолаушысы темір жол ауруханасын жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне қайтарылған.
нравится:    737
Теги: Автожаңалықтар,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии