18 Август
18:35
Астана: 21 °C
Алматы: 25 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
23 тамыз 17:38
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Астанада өтіп жатқан сотта Матаевтың жағдайы күрт нашарлап кетті


Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев судьяға өзін нашар сезініп тұрғанын айтқандықтан жедел жәрдем шақыртылған, деп хабарлады Caravan.kz КазТАГ- қа сілтеме жасап.

«Менің қан қысымым жоғарылап тұрған.Бірақ бәрібір сот алдында түсінік беру үшін осында келдім. Сондықтан үзіліс жасап, дәрі қабылдап, екпе жасатуға рұқсат беруіңізді өтінемін»,- деді С. Матаев сот отырысында.

Судья жедел жәрдем шақырытып, 10 минутқа үзіліс жасады.

Матаевтың қорғаушысы Андрей Петровтың айтуынша, оған дәрігерлік көмек қажет. Ол соттан дұрыс ем қабылдау үшін Матаевқа Алматы мен Астанадағы бірқатар емханаларға баруға рұқсат беруін өтінді.

Сондай-ақ қорғаушы жеке жеке өндірістегі бірқатар қылмыстық істерді бір өндіріске біріктіруді сұрады.

Еске сала кетсек, ұлттық баспасөз клубының ғимараты Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаевқа тиесілі. Ал С. Матаев пен оның ұлы, ҚазТАГ агенттігінің директоры Әсет Матаевқа сәуір айында салықтан жалтарды және бюджет ақшасын жымқырды деген айып тағылған болатын. Матаевтарға қатысты сот бүгін Астананың Есіл аудандық №2 сотында өтіп жатыр


Дереккөзі: Caravan.kz
нравится:    739
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии