|    |  
21 қаңтар 2019
10:49
қаз
Астанада суықтан қорғайтын аялдама қолданысқа берілді
15 қазан 2015, 16:59 757
Сарыарқаның суығында қанша сағат қоғамдық көлік күтсеңіз де тоңбайсыз.



Бүгіннен бастап елордада жабық, жылы, заманауи автобус аялдамасы қолданысқа берілді. Жылы, кең бөлмеде бейнебақылау камерасы мен Wi-Fi орнатылған. Автобустардың жүру бағыты белгіленген нұсқаулық та осында. Бір мезетте 30-40 жолаушы жылы жерде қоғамдық көлік күте алады. Халық көп жүретін, әсіресе әлеуметтік нысандарға жақын жерлерге 82 аялдама орнатылмақ. Ал 25 аялдаманы жыл соңына дейін халық игілігіне беру жоспарланған. Айта кетейік, әзірге мұндай аялдама Астанада біреу ғана.

Дереккөзі: 24 kz

 


Жаңалықтар