|    |  
21 қаңтар 2019
10:53
қаз
Астанада Сыртқы істер министрлігіне тиесілі көлік жол апатына ұшырады
11 маусым 2015, 12:13 894
Кеше кешкі сағат 17:00 шамасында елорданың Ағыбай батыр  көшесінде екі машина соқтығысқан жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлады Астана қаласының ІІД баспасөз қызметі.



«Ағыбай батыр көшесіндегі үйдің ауласынан шығып келе жатқан «Фольксваген Пассат» автомашинасының жүргізушісі Ағыбай батыр көшесінде Бөкейхан көшесінен Республика даңғылына қарай қозғалып бара жатқан «Сыртқы істер министрлігі шаруашылық басқармасы» РМК-нің «Мерседес Бенц» маркалы автомашинасымен соқтығысып қалды», — делінген хабарламада.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан ешкім де зардап шеккен жоқ. Оқиғаның себептері анықталуда.

Бұл факт бойынша тексеру жүргізілуде, деп нақтылады елордалық ІІД.

Дереккөзі: ҚазАқпарат


Жаңалықтар