|    |  
21 қараша 2018
04:49
қаз
Астанада Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған ескерткіш тұрғызылады
17 наурыз, 16:36 1185
Астанада салынатын Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған ескерткішке жергілікті бюджеттен 100 миллион теңге бөлінеді. Бұл туралы мәслихаттың кезектен тыс сессиясы кезінде Астана әкімінің орынбасары Андрей Лукин айтты.



"Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ескерткіштің құрылысына 100 миллион теңге бөлінеді", - деді әкімнің орынбасары 2015 жылдың 11 желтоқсанындағы "2016-2018 жылдарға арналған Астана қаласының бюджеті туралы" мәслихат шешіміне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы айта отырып.

Сонымен қатар, ол Cалтанатты қақпа маңында үлкен алаң салуға да бюджеттен қаражат бөлінетінін мәлімдеді.

Еске салайық, өткен жылдың соңында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ескерткіштің үздік сызба-идеясы анықталған еді. Конкурс нәтижесі бойынша алматылық Еділ Әлімбеков бірінші орынды жеңіп алды.

Дереккөзі: tengrinews.kz
Жаңалықтар