21 Октябрь
05:34
Астана: 6 °C
Алматы: 2 °C
USD/KZT: 335.24
EUR/KZT: 395.82
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.65
Экономика
1 қараша 10:47
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Астанада ұлттық нақыштағы киімдер мен бұйымдар сатылуда
«Қазақстанда жасалған – Халық маркасы» павильоны аумағында жеңіл өнеркәсіп секторы бойынша 100 қазақстандық компанияның өнімі ұсынылды.



ҚР Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығы «Халық маркасы» қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау жүйесі федерациясы» заңды тұлғалар бірлестігімен және ҚР Сауда кәсіпорындары қауымдастығымен бірлесіп, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қолдауымен, отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында «Қазақстанда жасалған – Халық маркасы» павильонының аумағында жеңіл өнеркәсіп секторын ашты. Ол «Самғау» сауда үйінің алаңындағы көрме-жәрмеңкеде орналасқан.



Бүгінгі таңда аталған жобаға Қазақстандағы 100-ден астам компания қатысып отыр. Сонымен қатар «Самғау» сауда үйінің алаңына 500-ден астам отандық өнімді тарту жоспарланған.

Естеріңізге сала кетсек, «Самғау» сауда үйіндегі  алғашқы «Қазақстанда жасалған – Халық маркасы»  сауда-көрме павильонының аясында, үздік өңірлік өндірушілердің тауарларлары мен қызметтерін  танымал ету мақсатында, павильоннан 6 шаршы метрден бастап 100 шаршы метрге дейінгі аумақ бір жылға тегін жалға беріледі. Сонымен қатар, өндірушілерге «Халық маркасы» белгісі мен сертификатын 2 жыл бойы жарнамалық мақсатта пайдалану және ЭКСПО – 2017 көрмесі кезінде өз өнімдерін таныстыру құқығы беріледі. 

«Қазақстанда жасалған – Халық маркасы» павильоны Астана қаласының туристік картасына енетіндіктен, ол өз кезегінде сауда орталығына келушілердің санын арттырады деп күтілуде.

Бұл жобаны жүзеге асыру барысында жеңіл өнеркәсіп саласындағы отандық тауар өндірушілердің өнімінің саны артады, қосымша жұмыс орындары құрылып, жеңіл өнеркәсіптің дамуына жол ашады.



Дереккөзі: http://palata.kz
нравится:    1773
Теги: Нарық және тұрмыс, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии