12 Декабрь
08:24
Астана: -18 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Әлем жаңалықтары
28 тамыз 11:00
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Астанада үй жануарларын ұстау ережелерін бұзғаны үшін 1300-ден аса адамға айыппұл салынды
Астанада үй жануарларын қала аумағында ұстау ережелері талқыланды. Астана қаласы мәслихатының депутаттары құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша тұрақты комиссияның отырысында үй жануарларын қала аумағында ұстау ережелерін талқылады.



"Жыл басынан бері үй жануарларын ұстау ережелерін бұзғаны үшін 1329 адам әкімшілік жазаға тартылып, олар 700 мың теңге көлемінде айыппұл төледі. ", - деді қалалық Ауылшаруашылық басқармасының басшысы Әсет Құрманғалиев отырыс барысында.
Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, негізінен иттерді тұмылдырықсыз сыртқа шығару секілді бұзушылықтар көптеп тіркеліп жатыр. "Иелерінің жануарларға дұрыс қарамауы салдарынан қалада қараусыз қалған үй жануарлары көбейді", - деді басқарма басшысы.
Оның айтуынша, Астанада үй жануарларын шығаруға, серуендетуге лайықталған арнайы орын жоқ.
Халық қалаулылары осы сұрақтарды тұрғындармен, ПИК мүшелерімен, елордалық кинология қызметтерімен бірлесе отырып шешуге ұсыныс жасады.
Қалалық мәслихаттың хатшысы Сансызбай Есілов үй жануарлары иелерінен тазалық сақтауды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды талап ету керектігін баса айтты.

Дереккөзі: Тengrinews.kz 
 
нравится:    846
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии