16 Август
19:07
Астана: 23 °C
Алматы: 27 °C
USD/KZT: 332.91
EUR/KZT: 391.17
RUB/KZT: 5.55
CNY/KZT: 49.84
Авто
21 желтоқсан 10:11
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Астанада ұзындығы 36 км кіші айналма жол салынып жатыр
3764e172911f112e909806ec6de

Астанада айналма жол салынып жатыр. Жобаға сәйкес Астанада ұзындығы 36 км кіші айналма жолдың құрылысы 2017-2019 жылдары аяқталады деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Бүгінгі таңда кіші айналма жолдың құрылысы барысында 22,8 км жол салынып, Ш.Бейсекова көшесінің Сығанақ көшесінен Қорғалжын тас жолына дейінгі бөлігін салу аяқталып қалды. Ш.Бейсекова көшесінің Қорғалжын тас жолынан Н.Тілендиев даңғылына, №14 көшеге дейінгі бөлігінде тиісті жұмыстар жалғасуда. Кіші айналма жолды салу үшін Ш.Бейсекова көшесінің Н.Тілендиев даңғылынан Конституция көшесіне дейінгі бөлігіндегі жер учаскесі босатылады, сондай-ақ, Сарайшық көшесінде инженерлік желілер тартылып жатыр.

Қазіргі кезде Угольный көшесінде Бөгенбай батыр даңғылынан Ш.Бейсекова көшесіне дейінгі және Ш.Бейсекова көшесінде Угольный көшесінен Конституция көшесіне дейінгі жол бөліктерін, соның ішінде екі көлік орамын және теміржол арқылы бір жол өтпесін салу жобалары әзірленіп жатыр.

Астана қаласының түзетілген бас жоспарына сәйкес кіші айналма жолдың шекарасына №27 (Хусейн Бен Талал) көшенің құрылысы да жатады. 

\
нравится:    728
Теги: Автожаңалықтар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии