18 Август
14:35
Астана: 20 °C
Алматы: 23 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
16 мамыр 16:35
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесі жайында әлемде 900 млн. адам білетін болады (фото)
Астанада ЭКСПО көрмесінің ашылуы қарсаңында  бұл елеулі шара жайында әлем бойынша 900 млн. адам білетін болады.
Бұл туралы бүгін «Астана Экспо 2017» ҰК» АҚ-ның Қоғамдық кеңесінің екінші отырысында компанияның басқарма төрағасы Ахметжан Есімов мәлім етті.





«Біз көрмені халықаралық деңгейде насихаттау бойынша белсенді жқмыстарды атқарудамыз. Осы ретте әлемдік ірі шаралардың алаңдары мен әлемдік алдыңғы қатарлық бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндігі пайдаланылуда. Бүгінде аталған шаралар мен БАҚ көмегімен 221 млн. адамды қамтыдық, жыл соңына дейін 500 миллионға дейін жеткізбекпіз, ал көрменің басталуы қарсаңында әлем бойынша 900 миллионға жуық адам осы айтулы шара жайында білетін болады»,-деді А. Есімов.
Оның сөзіне қарағанда, Астанадағы көрмеге халықаралық қоғамдастық тарапынан ауқымды қызығушылық байқалуда. Бүгінде көрмеге қатысатындығын 84 ел мен 14 халықаралық ұйым растады.














«Тіркеу құжаттамасына сәйкес, бізге кем дегенде 100 елді тарту қажет. Бұл тұрғыда осы межеге жететінімізге еш күмәр жоқ. Атап айтқанда, жаңағы 84 елден бөлек, тағы 20 ел дамушы елдерді қолдау жөніндегі бөлек бағдарлама аясында қамтылады»,-деп түйді сөзін басқарма төрағасы.

 
Дереккөзі: http://inform.kz/
 
нравится:    815
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии