19 Октябрь
06:05
Астана: 6 °C
Алматы: 4 °C
USD/KZT: 333.57
EUR/KZT: 391.81
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.37
Авто
13 маусым 16:47
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Астанадағы көше кептелісі бірнеше шақырымға созылды (ВИДЕО)


Астана тұрғындары әлеуметтік желі арқылы қалада бір бағыттағы қозғалыстың енгізілуіне наразылық білдіріп, кептелісті видеоға түсірді. 
Кеңесары көшесі бойында Жұбанов және Уәлиханов көшелерінің қиылысына дейінгі аралықтағы кептеліс бүгін үшінші күн қатарынан сақталып отыр. Кептелістің ұзындығы - шамамен 2 шақырымды құрайды. 



Сонымен қатар, Астанадағы Кеңесары даңғылы мен Жұбанов көшесінің қиылысында жол апаты болды. Кадрдан апаттың салдарынан бағдаршамның сынғанын көруге болады. Куәгерлердің айтуынша, жол-көлік оқиғасы бір бағыттағы көлік қозғалысының енгізілуінен пайда болды.



Еске салайық, 11 маусымнан бастап Астананың бірнеше көшесі бір бағыттағы көлік қозғалысы енгізілді.
· Абай даңғылы (Сарыарқа даңғылынан Сарыарқа көшесіне дейін). Жолдың ұзындығы - 4,6 шақырым;
· Кеңесары даңғылы (Пушкин көшесінен Сарыарқа даңғылына дейін). Жолдың ұзындығы - 4,3 шақырым;
· Янушкевич көшесі (Абая даңғылынан Иманов көшесіне дейін). Жолдың ұзындығы - 0,7 шақырым.


Дереккөзі: www.tengrinews.kz
нравится:    1070
Теги: Автожаңалықтар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии