17 Декабрь
08:23
Астана: -23 °C
Алматы: -9 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
2 қараша 12:07
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Астанаға ЕХРО халықаралық көрме туы жеткізілді

Кеше Милан қаласында өткен салтанатты шара барысында көрме байрағы еліміздің ресми өкіліне тапсырылған болатын. Енді Астана ресми түрде халықаралық ұйымдар мен алыс-жақын шетелге шақырту жібере алады. Сондай-ақ Миланда өткен халықаралық көрме барысында Қазақстан павильоны үздік үштіктен орын алды. «Тақырыпты аша білгені» үшін біздің елдің өкілдеріне арнайы кәдесый да табысталды. Әнуарбек Мусин, Expo Milano 2015 көрмесіндегі ҚР ұлттық секциясының комиссары: - Біз үшін бұл – тек қана ту емес. Бұл еліміздің даму мүмкіндігінің символы десем болады. Елбасы БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясында айтқандай, Қазақстан қазір «жасыл» технологияларды дамытуда көш бастауға дайын. Астанада өтетін ЕХРО тақырыбы «Болашақ энергиясы» екендігін ескерсек, көрме жоғары деңгейде өтуі тиіс.

Дереккөзі: 24.kz
нравится:    625
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии