20 Сентябрь
13:34
Астана: 21 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 340.95
EUR/KZT: 408.73
RUB/KZT: 5.87
CNY/KZT: 51.80
Әлем жаңалықтары
28 наурыз 09:49
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Астанаға ұшақты шассисіз қондырған экипаж мемлекеттік сыйлыққа ұсынылды


Қазақстан азаматтық авиациясы қарайтын инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешов бүгін, 27 наурыз күні таңертең Астана аэропортына алдыңғы шассиі шықпай қалған ұшақты экстремалды жағдайда қондырған экипаждың мемлекеттік наградаға ұсынылатынын мәлімдеді. Министр мұны Facebook-тегі өзінің парақшасына жазды.

«Экипаждың, әсіресе, командирдің шеберліктерін мен шыдамдылықтарын, сондай-ақ жердегі барлық қызметтің үйлескен жұмыстарын атап өткім келеді. Экипажды мемлекеттік және ведомстволық наградаларға ұсынатын боламыз», – деп жазды Исекешов.

27-03-16-isekeshov

Жексенбі күні таңертең Қызылорда қаласынан ұшып келген Bek Air авиакомпаниясының Fokker 100 ұшағы Астанаға қону кезінде алдыңғы шассиі шықпай қалып, апатты жағдайда жерге қону мүмкіндігіне қол жеткізді. Экипаж ұшақты қондыру жөнінде шешім қабылдағанға дейін аэропорттың үстінде жарты сағаттан аса уақыт ұшып жүрді. Осы екі ортада жердегі қызмет түрлері машинаның жерге қонған кезінде қызып, жанып кетпеуі үшін қону-ұшу алаңын көбікпен толтырып үлгерді. Кейін жергілікті телеарналарға берген сұхбаты барысында экипаж командирі Дмитрий Родин өзінің 35 жылдық ұшу тәжірибесінде мұндай жағдайдың бірінші рет кездесіп тұрғанын мойындады. Ол ұшақты қондыру жөнінде шешім қабылдай отырып, барлығын нұсқауға сәйкес жасауға күш салды. Мұндағы басты міндет негізгі доңғалақтардың табандары жерге тиген кезде «жерге бірден құлап кетпес үшін кабинаны ұстап қалу» болған. Ұшақ көбік төгіліп тасталған белдеуге қонғаннан кейін 25-30 метрдей жерді «тұмсығымен» сүзіп өте шыққан.

Авиакомпания өкілдерінің айтуларынша, әуе лайнері қонар кезінде «барынша аз зақымға ұшыраған», соның салдарынан борттағы 116 жолаушы мен 5 экипаж мүшесінің ешқайсысы зардап шекпеген.

Дереккөзі: ras.kz
нравится:    960
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии