12 Декабрь
12:32
Астана: -18 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Әлем жаңалықтары
14 шілде 12:28
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Астаналық жігіт «жанды» суреттерімен таңқалдыруда (фото)

 
Еуразия ұлттық университетінің студенті Дінмұхаммед Тоқтарбектің суреттері сурет емес, жанды бейне сияқты. Суретші скетчтерді салып, суреттермен үйлестіреді. Осылайша «жанды» бейнелер шығады. Өз жұмыстарын ол инстаграм желісіне (@_dinmuhamed_) салып отырады. Оның парақшасына жазылушылар саны 3 мыңнан асқан.
 
 

Дінмұхаммед Ақтаудың тумасы. Астанада сәулетші мамандығын меңгеруде. Бейнелеу өнерімен бала кезінен айналысқан ол суретшілік дарынның әкесінен берілгенін айтады.
 
«Мен ес біліп, қарындаш ұстауды үйренген сәттен бастап сурет саламын. Менің әкем суретші. Бірақ ол мені өзі үйренсін деп сурет салуды үйреткен емес. Мен оның жұмыстарына қарап, тәнті болатынмын. Бір сәт өзімнің де қабілетім бар екенін байқап, мектептегі сурет сайыстарына қатыса бастадым».
 

 
«Бала күнімде «р» әрпіне тілім келмесе де бәріне сәулетші болатынымды айтатынмын. Мектеп бітіріп, сәулетші мамандығына оқуға түскеннен кейін сурет салумен шындап айналыса бастадым. Астанаға келгеннен кейін түрлі техникаларды, стильдерді, түрлі құралдарды меңгеруге кірістім».
 


Қолмен салынған суреттерді фотосуреттермен үйлестіру идеясы маған ғаламтордан шетелдік суретшілердің жұмыстарын қарап отырған кезде келді. Үйренуге, қайталауға тырыстым. 12 жасымнан компьютерлік бағдарламамен 3D-эскиздерді жасайтынмын. Соның көмегі тиіп, компьютерде сурет салып, фотосуреттерді үйлестірдім».
 


«Мен жұмыстардың сюжетін қалай табамын? Басыма ой келеді, бірақ кейде ойымдағының бәрін жеткізе алмаймын. Шабыт аяқ астынан келеді. Соны дер кезінде шығару керек. Менің де жұмыстарым өзгелерге шабыт беріп, шығармашылыққа жетелейді деп үміттенемін»-дейді жас суретші.
 




 Дереккөз: look.tm
нравится:    2511
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии