22 Ноябрь
19:06
Астана: -3 °C
Алматы: 1 °C
USD/KZT: 330.29
EUR/KZT: 387.27
RUB/KZT: 5.56
CNY/KZT: 49.80
Әлем жаңалықтары
26 мамыр 15:06
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Астананың қақ ортасында мұғалімді бұрынғы күйеуі өртеп жіберді
Бүгін Астана уақытымен сағат 10-00 шамасында қаладағы №25 мектеп маңында ер адам осы оқу орнының мұғалімінің үстіне жанармай құйып өртеді.





Оқыс оқиға салдарынан әйел үшінші деңгейлі күйік жарақатын алды.
«Мен өртке оранған мұғалім әйел көмек сұрап, жан ұшыра айқайлап жүгіргенін көрдім. Сол маңайда оны көргендер көліктерінен түсіп, жалма-жан қызыл жалынды сөндіруге көмектесті. Құдай сақтасын, бұл өте жантүршігерлік оқиға» деп жазады әлеуметтік желіні пайдаланушы. Бұл туралы Astinfo.kz хабарлады.
Қазіргі уақытта ер адамның мұғалімнің бұрынғы күйеуі екендігі анықталды. Сондай-ақ ол осыған дейін полиция қатарында жұмыс істеген.
Сот оның бұрынғы жұбайына жақындауға тыйым салды.
Шабуылға ұшыраған әйелдің денесінің 60%-дан астам бөлігін күйік шалған.









 
нравится:    1130
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии